Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық 2500-ден аса бала жазғы лагерлерде демалады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сайрам ауданында мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыру мақсатында биыл аудандағы «Оқушылар үйі» МКҚК- ның балансындағы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің әр ауысымына бір мезгілде 314 бала қабылданады.

Биылғы жазғы маусымда 8 демалыс ауысымы қарастырылған. Ал бүгінде бесінші ауысым жүргізіліп жатыр. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізу үшін түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындар ұйымдастырылып отыр.

Биыл демалыс орындарына ауданнан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан 2131 бала, мүмкіндігі шектеулі 69 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 61 бала, мектеп интернатынан 151 бала, ата-аналардың төлем ақысынан 100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалысқа жіберу жоспарланып отыр. Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн. Лагерде күніне үш мезгіл ыстық тамақ, екі мезгіл түскі шай беріледі.

Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев жазғы демалыс маусымының ашылуына қатысып, балалардың қуанышымен бөліскен болатын.

«Жыл бойы білім азығын жинаған оқушылар үшін ең қызықты сәт жаз маусымы басталды. Осындай жазғы сауықтыру лагері балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түсуі тиіс. Біз балаларды қолдау, білім мен тәрбиесін жетілдіру бағытында бар мүмкіндікті жасауымыз керек. Балдай тәтті балалықты есте қаларлықтай етіп өткізулеріңіз үшін, сіздерге қауіпсіз және жайлы демалуды қамтамасыз етеміз», — деді М.Оразалиев.

Лагердегі әр ауысым тақырыптық күндермен ерекшелене түседі. Оның ішінде «Гүлдер күні», «Авиаторлар күні», «Спорт күні», «Теміржолшылар күні», «Индеецтар күні», «Ертегі күні», «Өрт сөндірушілер күні», «Скауттар күні» секілді ауысымдарға бөлініп, барша балаларды қуанышқа бөлеп жатыр. Сондай-ақ, лагерде мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздігін, нашақорлықпен күресу мәселелеріне де көп көңіл бөлініп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ағайын-туысқа өте бауырмал болатын

Тірлікте әкенің орны бөлек қой. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Өзіміз ата болсақ та әлі күнге дейін...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Арыс қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қаламызға қарасты 6 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен...

Түлкібас ауданында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бастау алды

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін...

«Жақсының жақсылығын айт»

Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫНА 30 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛҒАН

Түркістан облысында биыл 5 қараша күні аудан әкімдерінің сайлауы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында өтеді. Бекітілген күнтізбелік жоспарға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Жастар тәрбиесі – жалпыға ортақ іс

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды...

Жерорта теңізі бабында

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Бауырлас...

Тағы да