Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысында «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қаласынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты. Онда жас отбасылар «Серіктес», «Кім жүйрік?», «Баскетбол», «Боулинг» деп аталатын төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады.

Игі шараның ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл байқаудың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет тұрақты дамуы үшін әр отбасында татулық, бірлік, береке болуы керек. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені, алтын құрсақты, көпбалалы аналардың басым бөлігі біздің облыста тұрады. Өңіріміз жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4000-нан астам отбасы бар және жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, міне, отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр», — деді Бейсен Дәулетұлы.

Сайыс нәтижесінде жанұядағы жарасымдылығымен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүлделі орындармен марапатталды.

Бұл орайда, I орынға жетісайлық Өтепбергеновтер отбасы лайық деп танылды. Ал, II орынға сарыағаштық Ундирбековтар отбасы мен түлкібастық Орынбасаровтар отбасы ие болды. Сондай-ақ, III орынды Түркістан қаласынан Оразбековтар отбасы мен Отырар ауданынан Толешовтар отбасы иеленді. Бұдан бөлек, Төлеби ауданынан келген Ескуловтар отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Тәрбие әлсіреген жерде қылмыс өршиді

Өскелең ұрпақ тәрбиесі  бүгінгі заманның күрделі де көкейтесті мәселелерінің біріне айналды. «Босағасын алтыннан соқсаң-дағы, перзент сүймей, адамның мейірі қанбас»...

КЕЛЕС: Бокстан кіші жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнирі аяқталды

"Келес спорт клубының" ұйымдастыруымен 17-21 қыркүйек күндері аралығында Келес ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2010-2011,2012-2013 ж.т кіші жасөспірімдер арасында...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан облысындағы балық шаруашылығын үйрететін мектепке еліміздің түрлі аймақтарынан келетін кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар...

ТҮРКІСТАН: Қажымұқан өсіп-өнген өңірде алып бала дүниеге келді

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентханасында алып бала дүниеге келді. 19 шілде күні Төрткүл ауылы, Көкарал елді мекенінің тұрғыны Кунтасова Гүлмира...

Түркістан облысының бас дәрігері рухани астанада бала мен ана денсаулығы бірінші орында

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ - МАҢЫЗДЫ Биыл - балалар жылы. Олардың тыныш өмірі Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан рухани...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАР САНЫ АРТУДА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте халықтың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты»...

Арыста спорт алаңшасы ашылды

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінде 2,5 мың шаршы метр аумақты құрайтын спорт және балалар алаңшасы...

ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушылар жазғы демалыстағы сайыстарда шеберліктерін шыңдады

Мақтаарал ауданында балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қызықты іс-шаралар өтікізіліп жатыр. Осы орайда, ауданда «Ағам, әпкем және...

Бала біздің — болашағымыз!

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аталып өтті. Осы мерекеге орай, балалар...

Тағы да