Воскресенье, 19 апреля, 2026

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия еліміздегі отбасылық мәселелер туралы айтты

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет отбасы институтын қолдау үшін жан-жақты отбасы саясаты жүргізілетінін айтқан еді. Қоғамдағы отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала мәселелерін шешумен айналысып жүрген бірден-бір ұйым – президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы. Ұлттық комиссия мүшесі Алина Абрахманова қазақ жанұяларындағы мәселелерді айта отырып, комиссия отбасы институтын жақсартуда қандай шаралар атқарылатынын айтып берді.

Соңғы жылдары саналы, жауапты, құзыретті, ағартылған ата-ананы қалыптастыру үшін қазіргі заманғы отбасының кеңістігіне мақсатты әсер ету процесі болып табылатын бағдарламалар мен жобалардың саны күрт өсті. Бұл қазіргі қоғамда отбасылық өмір салты, бала туу және тәрбиелеу құндылығының құнсызданып, бірқатар өткір проблемалардың болуына байланысты.

— ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?

— Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – экономика саласында әйелдер мен ер азаматтардың мүмкіндігін теңестіру. Соның ішінде әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Әйелдерге жұмысы және үйдегі міндеттерін балаларды тәрбиелеумен ұштастыруына жағдай жасап, отбасы институтын нығайта, халықтың денсаулық, оның ішінде репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлейміз.

Комиссияда тұрмыстық және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықпен күресудің халықаралық тәжірибесін енгізу идеясы қарастырылады.

БҰҰ-да Ұлттық комиссияның жұмысы жоғары бағаланды. «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ұлттық комиссиямен бірігіп, жұмыс істеуді ұсынды. 2022 жылы Қазақстанның жаһандық гендерлік алшақтық индексіндегі (Global Gender Gap Index) көрсеткіші 15 позицияға жоғарылады. Осыған дейін әлемнің 146 елі арасында 80-орында болса, қазір 65-орынға жылжыды. Қазақстан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Үкіметтің қолдауымен әзірленген отбасылық және гендерлік саясатының ұлттық тұжырымдамасы 2030 жылға дейін жаңартылды.

— Қазақ отбасында қандай мәселелер жиі кезігеді? Сіздің ойыңызша, отбасы тәрбиесінде не жетіспей жатыр және оны қалай шешуге болады?

— Қазақстандық отбасыларда экономикалық мәселе жиі кездеседі. Бұл ажырасу санының өсуіне әкеліп жатыр. 2022 жылы 51-ден астам ажырасу тіркелген. Сәйкесінше, толық емес отбасыларда өсіп келе жатқан балалар саны көбеюде. Бұл бала тәрбиесіне әсерін тигізуі мүмкін. Одан бөлек тұрмыстық зорлық-зомбылық, ана мен бала өлімі сияқты түрлі проблемалар бар. Сондай-ақ қазіргі таңда жиі айтылып жатқан педофилия жағдайлары қоғамның үрейін тудырады. ІІМ-нің бұрынғы министрі Ерлан Тұрғымбаев 20% жағдайда зорлаушылар – әке мен өгей әкелер, 50%-ы балалардың жақын туыстары екенін мәлімдеді. Ұлттық комиссия заңнаманы жетілдіріп, жаңа тетіктерін қарастырып, аталған мәселелерді шешуге тырысады.

— Ұлттық комиссия отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қарсы қандай шаралар жүзеге асырды? Зорлық-зомбылық құрбандарына қандай қолдау көрсетіледі? 

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Жаңартылған құрамдағы Ұлттық комиссия отырысында әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі талқыланды. ІІМ-мен бірлесіп, зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеу жөніндегі топтарды құру талқыланды, олардың құрамына 280 әйел тергеуші кірді. Сондай-ақ мамандандырылған орталықтар базасында зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол еліміздің 15 өңірінде 25 орталықта іске асырылуда.

ІІМ статистикасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 63%-ы өтініш жазудан бас тартады. Әлеуметтік қызметтердің мәліметінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының орташа жасы – 33 жас. Олардың көпшілігі – экономикалық тұрғыда тәуелді әйелдер. Осы жерден экономикалық тәуелсіз болудың, экономикалық теңдіктің маңыздылығын көре аламыз.

Өздеріңіз білетіндей, 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз де істерді бастайды. Бұл агрессорлардың жазалануы және зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау тұрғысынан өте маңызды.

— Қоғам арасында гендерлік теңдік отбасы құндылығына кері әсер етеді деген түсінік бар. Ал сіздің ойыңызша, ұлттық комиссия көтеретін гендерлік теңдік отбасыға қалай әсер етеді?

Гендерлік теңдік, керісінше, отбасының нығаюы мен әл-ауқатына ықпал етеді. Бұл отбасы ішіндегі міндеттер мен жауапкершіліктерді әділ бөлуге мүмкіндік береді. Отбасының барлық мүшелері өзін-өзі жүзеге асыруға және өмірдің барлық салаларына, соның ішінде жұмысқа, отбасын басқаруға және бала тәрбиесіне қатысуға тең құқылы.

Сонымен қатар бұл отбасыдағы қаржылық тұрақтылыққа ықпал етеді. Гендерлік теңдік барысында отбасындағы өзара сыйластық, қолдау және тең құқылы серіктестік дамиды. Әрбір отбасы мүшесі өз пікірлерін, сезімдері мен қажеттіліктерін еркін білдіріп, теңдей мүмкіндіктерге ие болған кезде сенім мен үйлесімділік атмосферасы құрылады. Отбасындағы теңдік балаларға жағымды әсер етеді. Олар барлығын бірдей құрметтейтін, тең сыйлайтын ортада өседі.

Қоғам үшін де гендерлік теңдік тиімді. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, кейбір елдерде әйелдердің жұмыспен қамтылуын 10%-ға арттырған кезде ЖІӨ 3%-ға өскен. Ал Маккинзидің 2015 жылғы зерттеуіне сәйкес, экономикада ер мен әйел теңдей белсенді елдердің инновациялар мен кәсіпкерлік индексі жоғары.

Жаңалықтар тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 38 елді мекенінде 24 сағат ауыз су...

ТҮРКІСТАН: Созақтық ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

Созақ ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ардагерлер...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті....

Ашық Вейселдің елу жылдығы Түркияда және шетелде аталып өтпек

Түріктердің ұлы ақын Ашық Вейсел 2023 жылғы ЮНЕСКО-ның мемориалдық бағдарламасына енді. Елу жыл бұрын дүниеден өткен Вейсел түріктердің мәдени...

Жастар ағаш отырғызып, игі іске үлес қосты

«АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – САУАПТЫ ІС» «Ағаш отырғызу – сауапты іс». Дәл осы тақырып аясына топтасқан «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік...

ТУРКЕСТАН: ДОЛЖНА БЫТЬ УСИЛЕНА РАБОТА ПО РАЗВИТИЮ КЕНТАУ

Необходимо активизировать работу по развитию города Кентау и реализовать новые проекты. В частности, время требует повышения производственного потенциала города. Аким...

«Зейінді бала» зияткерлік сайысына 110 оқушы қатысты

Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы мектеп директорының бастамасымен өткізілген «Талапты ұстаз, талантты шәкірт»...

Адам саудасын кім тоқтатады?

Азаматтардың құқығы мен бостандығы ең басты құндылық екендігі Ата Заңымызда нықтап жазылған. Алайда, өркениетті делінген өзге елдердегі сияқты бізде...

Тағы да