Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысында биыл 21 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені — 21 065. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

«Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79», — деді басқарма басшысы.

ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Басқарма басшысы айтып өткендей, биыл наурыз айында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін Түркістан облысындағы ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус табысталды. Ертең, яғни 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай қосымша тағы 30 автобус берілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жастарға үлгі болар игілікті іс

Түлкібас ауданында тағы бір рухани іс-шара өтті. Аудан орталығының кіреберісінде «Ұлы дала қырандары» атты аллея ашылды. Шілменбет бабаға арналған...

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті Түркістан облысы аумағынан 18-32 жас аралығындағы әскери билеті бар ер азаматтарды...

Қазақстанда халық саны 19 млн. 854 мыңға жетті

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны - 19...

Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі

Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Отбасы күніне орай оқырмандардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушылардың есте...

Қазақстанда адам саудасына мигранттар ұшырайды

Елдің ресми статистикасы халықаралық есептерден анағұрлым алшақ. Шындығында, 2018 жылы Қазақстанда қазіргі заманғы құлдықта 75 мың адам болған. Орталық Азия...

Ағайын-туысқа өте бауырмал болатын

Тірлікте әкенің орны бөлек қой. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Өзіміз ата болсақ та әлі күнге дейін...

Аяулы әжелердің айтары көп

Биыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасының» шаңырақ көтеріп, өз алдына отау тіккеніне 10 жыл толып отыр. Аталған алқа...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет

«Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл...

Күнтізбелік 14 күн ішінде тауарлар қалай қайтарылады?

Тауарды сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде апарсаңыз болады. Сатушы тауарды басқасына ауыстыруға немесе ақшаны толық қайтаруға міндетті. Ескеретін...

Тағы да