Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) күллі мұсылмандарға уақыттың құндылығын білдіріп былай деген: «Қиямет күні төрт нәрседен сұралмай құлдың аяғы ілгері де, кейін де жылжымайды: Өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, мал дүниесін қалай тауып, қайда жұмсағандығы, біліміне қалай амал еткенщдігі» Асыл дініміз уақыттың ағысы өте жылдам, әрі бір секундтың өзі ешқашан қайтып келмейтіні жайлы ескертеді. Уақыт адамның қолындағы баға жетпес байлық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Екі нығмет бар, көптеген адамдар бағалай алмай, ол екеуінде алданып қалған. Ол денсаулық пен бос уақыт» — дейді. Дін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың орны ерекше. Жастар әр қоғамның болашағы. Қоғамның болашағы жоғары деңгейде болу үшін жастардың тәрбиесіне аса мән беру керек. Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақ. Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол. Жастық шақтың қадірін біліп бағалап жүруі керек. Уақыт қайтып артқа оралмайды. Сол себепті әрбір сәтті пайдалы іспен өткізген жөн. «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қарттық жетпей тұрып жас шағыңның; ауырмай тұрып денсаулығыңның; кедейлікте душар болмай тұрып байлығыңның және жұмысбасты болмай тұрып бос уақыттың; ажалың келмей тұрып тіршілігіңнің қадірін біл» Хадисте адам баласы көбіне-көп қадірін біле бермейтін бес нығмет жайлы айтылуда. Көп жағдайда, осынау баға жетпес нығметтердің қадірін олардан біржолата айырылып қалғаннан кейін ғана түсініп, санымызды соғып жатамыз. Алайда, болар іс болған соң, бекерге аһ ұрып, өкінгеннің пайда бермесі анық. Міне, сол себепті Алла елшісі (с.ғ.с) бізді осынау нығметтердің қадірін дер кезінде біліп, оларды орынды пайдалануға шақыруда. Дін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың орны ерекше. Жастар әр қоғамның болашағы. Қоғамның болашағы жоғары деңгейде болу үшін жастардың тәрбиесіне аса мән беру керек. Жастар бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жастарды мейріміне алып, түрлі жаман, күнәлі істерден алыс болуға тәрбиелеген.Адам ғұмырының ең бақытты да қуанышты, қызығы мен шыжығы көп сәт жастық сәт. Имандылық тәрбиенің жетіспеушілігі: ата-бабаларымыз өз ұрпағын иманды етіп тәрбиелеуді басты міндет еткен. Дін бойынша ажалдың жасы-кәрісі, ерте-кеші болмайды. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Сондықтан ата-бабаларымыз «ажал айтып келмейді» деген. Жастықтың буына алданыпа, мұсылмандық міндетін орындауды ұмытуға болмайды. Алла Тағалаға құлшылығы кемпір-шалға ғана бұйырмаған. Құлшылыққа асықпай, жастық шақтың қызығына тоймай уақытын бос нәрсемен өткізіп алады. Бірақ балиғат жасына толған әрбір мұсылманға парыз еткен құлшылықтарды уақытылы орындалуы керек. Абдулла ибн Масғұдтан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Адам баласы мына бес нәрседен сұралмайынша АллаТағаланың құзырынан ешқайда кетпейді: «бірінші, өмірін қалай өткізгендігі; екіншісі, жастық шағын қалай өткізгені; үшіншісі, дүниесін қалай тапқанын; төртінші, тапқанын қалай жұмсағанын; бесінші, білгенімен амал етіп еткен-етпегенін». Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізге айтқан өсиетіне құлақ асып, қартаймай тұрып, жастығымыздың; аяө астынан аурып, сырқап берекеміз қашпай тұрып, есен-саулығымыздың, тақыр кедей болмай тұрып, қолымыздағы азды-көпті дүниенің; қауырт шаруаның астында қалмай тұрып, бос уақыттың; сондай-ақ бәрінен де қорқыныштысы – ажал келіп, жан алқымнан алмай тұрып, әрбір сәті қайталанбас өміріміздің қадір-қасиетің біліп, парқына жете білсек, өмірімізді мәнді өткізер едік. Уақытымызды бағалап, жастық шағымызды пайдалы өткізуге Алла Тағала нәсіп етсін!

Әйкерім Қайратқызы  ummet.kz

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

Наслаждайтесь путешествием по самым красивым голубым водам Турции

Лучшие времена года снова наступили для голубого путешествия, которое представляет собой особый опыт плавания на лодке в водах Эгейского...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

«Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды

Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары бірікті: Елордада "Менің бауырым" студенттік волонтерлік жобасы басталды Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым...

Отбасы ізгіліктің ошағы

Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат...

Гүлзираның бақыты

Ана бақыты! Бұл – ақ босағаны аттаған әрбір келіншектің басты арманы. Өмірге бала әкелу, ана атану, сәбиіңнің құлдыраңдап ойнап...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 22 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысында 2023 жылы 109,7 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның...

АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан ,«Nur Otan» партиясының тарапынан елімізде...

Тағы да