Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ғасыр жасаған Аналар құрметке бөленді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Арман Айдарұлы ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Батыр аналарды ардақтау шарасы барысында аудан басшысы әр анамен жеке сұхбат құрып, мерекеге орай сый-сияпаттар табыстады.

Алдымен Нұрлы жол ауылының тұрғыны 103 жастағы Кескенбаева Жадыра әжейдің үйіне барған аудан басшысы алтын құрсақты әжейді арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстап, қарт әжеймен сұхбаттасты. Кескенбаева Жадыра Төлегенқызы 7 ұл-қызды дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 35 немере, 82 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Одан кейін, аудан басшысы Сарыағаш қаласының тұрғыны, үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған 99 жастағы ақ жаулықты Сұлтанова Ұлбалаш әжейдің шаңырағына табан тіреп, аналар мерекесімен құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сыйлықтар табыстады. Батыр ана Ұлбалаш әжейдің 9 ұл-қызынан 50 немере, 20 шөбере, 4 шөпшек тараған.

«Баршамыз асыға күтетін ерекше мейрамда ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылулық кетпесін. Жанұяларыңызға береке, бірлік тілеймін!»,- деді аудан басшысы.

Өз кезегінде батыр аналар шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, жастық шақтарынан сыр шертті. Сондай-ақ ауданды өркендету бағытындағы жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық — зомбылық

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Егер жалпы айтқанда зорлық...

Тәжірибелік семинарға ата-аналар да қатысты

Түркістан облысы білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес 19 мамыр күні Сайрам ауданы «Əбунасыр Əль-Фараби атындағы орта мектебі» жауапкершілігі шектеулі...

«e-tutynushy.kz» платформасы туралы білесіз бе?

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары "e-tutynushy.kz" (Бұдан әрі...

Түркістан: 5 жылда мемлекеттік бағдарламалармен 10 мыңдай отбасы баспаналы болды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде құрылыс қарқыны еселеп артқанын...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

Ахмет Ясауидің балалық шағы туралы анимациялық туынды жарыққа шығады

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген пилоттық анимациялық жобаның өндірісін бастады. Мәдениет...

«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен ауданның барлық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың...

Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы

Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және...

Тағы да