Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: МАҚТАШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының Жетісай ауданы Жаңа ауыл, Жылы су ауылдық округтерінде өткен кездесулерде айтылды.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысқан жиында шаруалар талап-тілектерін ортаға салып, мемлекеттік субсидия мен жеңілдетілген несие беру, мақта өсіріп, оны терең өңдеуге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, ауыл шаруашылығын саласын дамытуға нақты қадамдар жасау мәселелерін ортаға салды.
— Түркістан облысы мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Бұл тұста Үкімет тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Жергілікті атқарушы билік органдары үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды.Біздің өңірімізде өндірісті дамытудағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өңірлік бағдарламаларды қабылдау, осы бағыттағы жұмыстарға күш салу, жеңіл өнеркәсіпті арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие, — деді Ермек Кенжеханұлы.
Сондай-ақ кездесулерде жылына 300 мың тоннадан астам мақта өндіретін өңірде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан мақта талшығының бағасы халықаралық Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді екендігі, мақта кластерін дамыту үшін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында тоқыма тігін фабрикаларын ашу керектігі айтылды.
Айтылған ұсыныстарға байланысты мақтаны сатып алушы трейдер компаниялардың былтырғы мақтаны әлі де толықтай сата алмағандығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізген жұмысшы топ өкілдері заңдылықтарын түсіндірді.
Шаруалар тарапынан мақта кластерін дамыту, өнім сапасын арттыру бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді, көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру...

БӘЙДІБЕК: Аудан прокуроры Шаян ауылдық округіндегі білім беру мекемелерінде оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Шаян ауылындағы М.Әуезов, С.Әбдіжаппаров атындағы мектептерде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті. Жиында...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы»

9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер...

Ордабасыдағы игі орталық.

«Шапағат» орталығының шапағаты бүкіл ордабасылықтарға тиіп отыр.  Әлеуметтік  орталық  ашылғалы бері 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. 4 АЙДА...

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ.

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында балаларды қорғау күні мерекеленді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті. Мерекелік шара...

Қазыналы қариялармен жүздесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Іс-шараға зейнет жасында...

«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ» акциясы жалғасуда

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Бүгін "Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар Арыс және...

Тағы да