Воскресенье, 19 апреля, 2026

ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мемлекеттік органның жарты жылдықта атқарған жұмысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қаланың Бас полицейі есепті кезеңде бірқатар қылмыс түрлерінің саны төмендегенін айтты. Атап айтқанда, тонау, пәтер ұрлығы, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны біршама азайған. Қылмыстың ашылу деңгейі де жақсарған. Мәселен соңғы 3 жыл көлемінде ауыр және аса ауыр санаттағы кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр жарақат салу, зорлау секілді қылмыстар толығымен ашылған.
Қалалық әкімдіктің қолдауымен 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш, 1402 планшет және 400 дана компьютер, 550 бейнежетон және өзге де техникамен қамтамасыз етілген. Қосымша 3740 бейнебақылау камерасы берілмек.
Қала әкімі әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанымен, кейбір қылмыс түрлерінің саны артып, нәтиженің көңіл көншітпейтінін айтты. Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Полиция тарапынан ұсыныс берілсе әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін негізгі индикаторлар белгіленіп, ай сайын соның нәтижесін зерделеп отырудың маңыздылығын, «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша учаскелік полицейлердің жұмысын жандандыруды, көшедегі қайыршыларға назар аудару қажеттігін айтты.
Сонымен бірге, шаһар басшысы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтты. Бір апта рейд болып, келесі аптада қайта тәртіпсіздік орнауы, камераның кейбір жерде істен шығып тұруы, ретсіз сауда орындары мен заңсыз сауда нүктелерінің болуы, ондағы санитарлық талаптардың сақталмауы — қаланың имиждін бұзатын дүниелер екенін айтты.
Жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың жолдан өту, мектеп ішіндегі қауіпсіздігін назарға алуды тапсырды. Одан бөлек, экополицейлердің жұмысын күшейту керек деді. Біздің мақсат – тұрғындарды жазалау емес, оларға тазалық мәдениетін түсіндіру және қалыптастыру екенін жеткізді.
Халық арасында наразылық тудырмау үшін жаңадан қойылатын камералар туралы халыққа барынша ақпараттық насихат жүргізуді, Ынтымақ-2 шағынауданында криминогендік ахуалды реттеуді, ақылды бағдаршамдар санын көбейтуді, халық тығыз орналасқан елдімекендерге 100 мобильдік полиция пунктін қою жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан облысында қырықтағы батыр ана 11-ші баласын босанды

Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 37 КӨШЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында шағынаудандар мен шалғайдағы елдімекен көшелерін орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстары атқарылуда. 2021 жылы аудан аумағындағы...

Жастар және би өнері

Би өнеріне бет бұрған жастар қатары көбейген. Оның айқын дәлелі мемлекет тарапынан тегін ашылған би үйірмелері. Би – өмір...

“Самғау” жастар фестивалі басталады

Биыл 25 және 26 қыркүйек күндері «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайынғы жастарға арналған «САМҒАУ» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтеді....

Татар қызы Дариха

Сауран ауданы түрлі тағдырмен киелі қазақ жеріне еріксіз жер аударылған және​ бұрыннан осында​ мекен еткен этнос өкілдерінің құтты қонысына...

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өтті

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының жобаларының берері мол. Заман...

Сарыағаштық жасөспірімдер облыстық кезеңге жолдама алды

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасының» аймақтық кезеңі аяқталды. Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында...

Тағы да