Воскресенье, 19 апреля, 2026

САЙРАМ: Бақытты балалар — бейбіт елдің тірегі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы А.Әбдіқадыров, аудан прокуроры Д.Тлемисов, аудандық соттың төрағасы Қ.Дүйсебеков, мекеме-ұйым басшылары, халық қалаулылары және аудан тұрғындары қатысты.

Алдымен баланың тәрбиесіне арналған бейнефильм көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мұнан кейін концерттік бағдарламамен басталды.

Сөз кезегіне шыққан Бахытбек Сембекұлы:

— Жаздың алғашқы күнімен қатар келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.

Кез-келген ата-ананың үлкен арманы – баласының жақсы азамат болып өсуі секілді, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, осы бүлдіршіндеріміз – біздің ертеңіміз, үмітіміз, жарқын болашағымыздың кепілі.

Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған қоғам үшін де осы мерекенің маңызы зор.

Қадірлі біздің жас қырандар, осы елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанымыздың адал азаматы болуға жетелесін.

Балғын балаларымыздың ең бастысы дені сау, болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар!, — деді. Сонымен қатар, өзге де басшылар балаларға ізгі тілектерін жолдады.

Іс-шарада оқу жылында пәндік, спорттық, өнер жарыстарынан үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушылары марапатталды.

Бар мейірім балаларға демекші, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы және «AMANAT» партиясы қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы, жеке кәсіпкер А.Исаков тарапынан жылы лебіздер айтылып, бірқатар балаларға жазғы сауықтыру орындарына жолдамалар мен сыйлықтар тапсырылды.

Балалар мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әуен мен ұлттық би орындап, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әжелер тобы бүлдіршінмен бірге ән салып, тәттілерден шашу шашты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Облыс әкімі балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті балалар! Өскелең ұрпақ! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – біздің байлығымызсыздар. Елдің үміт артар болашағысыздар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл...

Ташкент: Көне мұра және заманауи кешен

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау! Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін...

PUBG teases the launch of zombie mode on official game

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қуыршақ театры қайта ашылды

Жақын күндері жетісайлық бүлдіршіндер қуыршақ театрының өнерін тамашалайтын болды. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының жанынан ашылған өнер ұжымы...

ТҮРКІСТАН: Саурандық 300 бала Түлкібастағы тау баурайында тынығады

Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында Сауран ауданының балалары үшін Түлкібас ауданындағы «Жансая» лагері жұмыс істейді. Ол жерде балалардың жазғы демалысын...

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күніне орай Сауран ауданында ақ жаулықты 20 батыр ана марапатталды. Оның 6-ауы «Алтын алқа», 14-і «Күміс алқа» иегері....

Түркістан – даму үрдісінде.

Түркістанның көптеген артықшылықтары бар. Осы артықшылықтардың бірі – туристік табысты қамтамасыз ету. Түркістанда тарихи туризмді жетілдіру үшін, көне түрік...

Тағы да