Воскресенье, 19 апреля, 2026

Отбасы ізгіліктің ошағы

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат құрады. Қоғам түзелсе – мемлекеттің мерейі тасып, мәртебесі артады. «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей», «Үйде береке болса, дастарқанда берекет болады»,-деген ұлағатты сөздер бар. Бұл сөздерде отбасы құндылықтары мен үлкенді сыйлау, береке мен ынтымақ мәселесіне зор баға берілген.

Жұртымыз тектілікке ерекше мән берген. Текті болу дегеніміз – өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтау. Қазақ халқында Ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық құндылықтар мен тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдар құндылығының жиынтығы деуге болады.

Осы ретте жанұя жарасымын сақтап, шаңырақтың шаттығын арттыратын бірнеше факторлар мен игі амалдарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

Отбасы құндылығын арттыратын игі амалдың бірі – ата-ананы қадірлеу. Алла Тағала қасиетті Құранда әке-шешеге қалай құрмет көрсету керек екенін баяндаған: «Раббың өзіңе ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жаныңда кәрілікке жетсе, Оларға «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, оларға зекіме де және ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мейірім құшағын жай да: «Раббым! Олар мені кішкентайымда тәрбиелегеніндей Сен де оларды рахым-мейіріміңе бөлей көр!» («Исра» сүресі, 23-24-аяттар).

Алла Тағала ата-анамызға дауыс көтеру былай тұрсын оларға кейіс білдірмеуді бұйырған. Ата-анасының батасы мен разылығын алмаған баланың бағы жана қояр ма? Майлықожа жырау:

«Қарамай кетсең анаға,

Қаларсың босқа табаға.

Ата-ана көңілін қалдырған,

Баланың бағы жанар ма?»,-деп жырлаған екен.

Жанұяға жақсы қарау – ізгіліктің бастауы. Аптаның кем дегенде бір күнін отбасына арнаған абзал. Өйткені, баламен сұхбаттасу, онымен ойнау, жарыңмен сырласу, баланың болашағына қатысты жұмыстарды жоспарлау, т.б. амалдар шаңырақтың шырайын кіргізіп, берекесін арттырады. Жұмыс бастылық отбасылық жоспардан үстем болмауы тиіс. Өйткені, жанұя – бәрінен биік тұратын құндылық.

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін»,-деген. Үй шаруаларына көмектесу, баланың сабағына араласу, оның мектептегі жиналысына қатысу, үйірмелерге апару, отбасы мүшелеріне сыйлық беру, жанұямен саяхаттау, т.б. амалдар сүйіспеншілік пен бауырмалдықты арттырады.

Міне, Ислам дінінде осылайша отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы реттелген. Отбасы қарым-қатынастарының тұтас қоғамға әсер ететіндігі баяндалады. Егер отбасы тату болса, қоғамда да тұрақтылық орнайды. Отбасында ынтымақ болса, қоғамда да бірлік пен тыныштық салтанат құрады. Отбасы мәселесі сол қоғамға айрықша әсер етеді.

Отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ.

Лұқман хәкімнің: «Барлық нәрсенің құралы бар, амалдың құралы – кішіпейілділік»,-деген сөзінде де үлкен мән жатыр. Қоғамда адамдар бір-біріне қаншалықты кішіпейіл болған сайын олардың арасында соншалықты сүйіспеншілік, бауырмалдық, бірлік сынды қасиеттер қалыптасады.

Заманында би болған Саққұлақ дейтін данышпаннан сыйластық туралы сұраған екен. Сонда Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық пен ізгілік»,-деп жауап берген екен.

Асылында, туған елдің ынтымағы мен бірлігін, тыныштығы мен тәуелсіздігін бейбіт күнде өмір сүрген қазіргі ұрпақтан, түрлі майдан мен жорықтан, соғыс пен сұрапылдан көз ашпаған алдыңғы ата-бабаларымыз тереңінен ұққан. Ұғып қана қоймай, ел мен жердің қадіріне жете біліп, Отанды сүюдің шын үлгісін көрсетіп кетті.

Бүгінгі таңда азат елдің таңы арайлап атуы үшін батырларымыз секілді басты бәйгеге тігіп, соғыс майданында жүру міндет емес. Қазір елдіктің ертеңі – бірлігі бекем һәм білімі мықты ұрпақтардың қолында. Заман – оқығандікі. Надандықпен өткен тарихыңды, туған тіліңді, дәстүрлі дініңді, саралы салт-ғұрпыңды білмесең «бірлік», «береке» деген ұғымдардың мәні тұрмақ, мағынасын білмей өтпекпіз. Өз ұлтын тереңінен танып, оны шынайы сүюге ұмтылғанда қоғамның ынтымағы үшін бас біріктірудің шын үлгісін көрсете алмақпыз.

Д. Аманов

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы

Жаңалықтар тізбесі

Шілдеден бастап этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасы іске қосылады

2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Еңбек...

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос...

Түркістан облысында биыл 21 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені - 21 065....

«Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өтті

2023 жылдың 18 мамыр күні Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу бойынша кездесулер...

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Облыстық байқауының аудандық кезеңі Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілді. Байқау...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет

«Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл...

Қабылдаудағы мәселелер оң шешімін тапты

  Кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Қабылдауды офлайн және онлайн тәсілімен өткіздім. Қабылдауға жазылған азаматтардың әлеуметтік көмек бойынша 3 мәселе...

Тәрбие жұмысын реттемейінше, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтата алмаймыз – Жұлдыз Сүлейменова

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қатысты жазаны күшейтуге бағытталған жаңа заң жобасы әзірленді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында...

Аналар қауымымен еркін форматта кездесу өтті

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам. Бүгін аудан әкімі Нұржан...

Тағы да