Воскресенье, 19 апреля, 2026

Биыл 16 мың қандас тарихи Отанына оралды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Еліміз өз алдына тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап өзге жұрттағы қандастарымыз атамекендеріне орала бастады. Кезінде тағдырдың теперішімен туған топырағынан жырақтап, әлемнің әр еліне тарыдай шашыраған қандастарымыз бен олардың ұрпақтары атажұртына сарғайған сағыныштарын арқалап келіп жатты. 

БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінен тек қана төрт мемлекет репатрианттардың тарихи Отанына оралуымен мемлекеттік деңгейде айналысса, Қазақстан соның бірі және бірегейі болып, Германия, Израиль жəне Ресей Федерациясымен үзеңгілес жұмыс атқарды.

1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматы қаласында дүние жүзі қазақтарының 1-ші құрылтайы өтіп, оған әлемнің 13 елінен 1200 қазақ қатысты. Сол Құрылтайда дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Бұл қазақ көшінің жандануына өзіндік ықпалын тигізді. Содан бері көш әлі толастаған жоқ. Атамекеніне ағылған қазақ саны арта түсуде. Бір қуанарлығы, олар өздерімен бірге қазақтың жоғалуға айналған кейбір салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын да алып келді. Тарихи Отанынан жүздеген жылдар бойы сырт жүрсе де, өзінің ұлттық мәдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып атадан балаға мирас етіп, этномәдени мұраларының қалпын бұзбай келе жатқан ұлттық нақыштағы дәстүріміз, өнеріміз қазақ мәдениетінің кейбір ұмыт бола бастаған тұстарын толықтырып, жандандыруда.

Соңғы ресми мәліметтер 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 408 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын көрсетіп отыр. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн. 123,5 мың этникалық қазақ оралған. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%)  – Өзбекстаннан, 19,3%-ы – Қытайдан, 10,9%-ы – Моңғолиядан, 7,7%-ы – Ресейден, 6,3%-ы  Түрікменстаннан және 2,1%-ы басқа елдерден. Олар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Атап айтқанда, 27,8 пайызы Алматы, 12,8 пайызы Маңғыстау, 6,4 пайызы Түркістан және 4,8 пайызы Жамбыл облыстарына қоныстанды. Қалғандары Астана, Алматы, Шымкент қалаларына орналасты. Айта кетерлігі, Өзбекстаннан келгендердің көбі Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарын таңдаса, Қытайдан келген қазақтар негізінен Алматы облысында шоғырланған. Сонымен қатар біраз бөлігі  Шығыс Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тұрып жатыр.

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 61,2 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші  30,3 пайызды және зейнеткерлер  8,5 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,5 пайызы жоғары білімді, 34,4 пайызы орта кәсіби білімді, 41,5 пайызы жалпы орта білімді және 8,6 пайызының білімі жоқ.

Негізінен Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары еңбек күші  тапшы өңірлерге жатады. Бұл өңірлерге биыл 1 925 қандасты қабылдау квотасы бөлінген. 1 қазанға дейін 1 870 қандас осы жақтарға қоныс аударды. Қоныс аударушылар саны ұлғайса, квота мөлшері де ұлғайтылуы мүмкін. Бұл өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

«Елге ел қосылса – құт» демекші, мұны қатарымызды толықтырып, халық өсімін көбейтіп жатқандарға мемлекетіміз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау десек артық болмас. Жыл басынан бері 1254 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1254 адам бір жолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды.

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайыз немесе бір отбасына 4 млн. теңгеге дейін мөлшерде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Осы жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «Бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады.

Ресми дерек көзі хабарлағандай, бүгінгі таңда республиканың шетелдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан жаңа форматта 2 037 өтініш (681 отбасы) қабылданыпты. Ал бұл «өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде  ұлтан болуға», атажұртқа оралуға ниет білдіретіндер саны әлі де аз еместігін көрсетеді.

 

Жаңалықтар тізбесі

Гендерлік теңдік

Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі....

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық балалар жазғы демалыстарын өңірдің көрікті жерлерінде өткізіп жатыр

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, жалпы білім беру ұйымдарына, 9-15 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, атаулы...

Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі...

«Менің отбасым — сыйластық, жарастық орнаған ортам»

Түркістан облысы Түлкібас ауданы адами әлеуеті дамыту бөліміне қарасты А.Макаренко жалпы орта мектебінде 17 мамыр күні "Менің отбасым- сыйластық,...

Жігітті тәрбиелеген әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген ұлттың анасын тәрбиелейді

«Отан отбасынан басталады», – десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ананың құрсағына шарана бітсе,...

ТҮРКІСТАН: Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздік шаралары талқыланды

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен жиын өтті. Жиынды аудан прокурорының аға көмекшісі Бексұлтан Бейсенбай ашып, жүргізіп...

Ата-аналардың ауданаралық форумы өтті

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу – аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақты мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы...

“Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді

“Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді Алматы қ. Қазақстан – 2022 жылғы 28...

Тағы да