Понедельник, 20 апреля, 2026

Арыс өңірінде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Дермене ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жиегінде жұмыс істей бастаған «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмыс-жайымен танысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келе жатқанын айтты. Ені – 7, ұзындығы – 26, ал тереңдігі – 2 метр болатын 6 су бассейінінде 30 мыңнан астам сазан тұқымдас шабақ өсіріп отырған дерменелік кәсіпкер Мақсат Тоқболаев 3 жылдан бері осы кәсіпке ден қойған. 5-6 айдан кейін өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Бас-аяғы 40 миллион теңге қаржысын туған жеріне инвестиция ретінде құйған азамат аталған нысанға соңғы шабақты салу шарасына қала әкімін арнайы шақырған. Өйткені, кәсібінің дөңгелеуіне белгілі бір деңгейде жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмек-кеңестер алып отырады. «Осылайша, өзара ынтымақтаса отырып, ел экономикасын жақсартып, тұрмыс-тіршілігімізді түзейміз деген сенімдемін», – дейді кәсіпкер Мақсат Рахымжанұлы. Ал қала әкімі Гүлжан Мамытқызы соңғы уақытта Арыс өңірінде балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Осы күнгі салмағы орташа есеппен 72 граммды құрайтын шабақ сәтін салса 5-6 айдан соң, 2-2,5 килограммға дейін өсіп, жетіледі. Ал оны өткізу жағы қазірдің өзінде шешілген. Алматы қаласындағы балық тарату нарығының 70-80 пайызын қамтамасыз етететін бір компания дерменелік балықтың килограммын 2-2,5 мың теңге шамасында сатып алатын болып ұсыныс білдіріп отыр. Жақын күндері кәсіпкер су астын оттегімен қамтамасыз ететін арнайы аэроаторлар орнатсақ дейді. «Өйткені, қыс мезгілінде су бетіне мұз қатып, судың құрамындағы оттегі төмендеуі мүмкін. Оның үстіне ауа темпаретурасы +10 градустан төмен түскен жағдайда балық ұйқыға кетіп, қозғалысы баяулайды. Ол кезде оның өсу процесі де қарқынды болмайды», – дейді Мақсат Рахымжанұлы. Бүгінде кәсіпкер бассейін аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тікелей телефоннан бақылау жүргізетін бейнебақылау камераларын орнатқан. Озық технологияны оңай меңгеруді мақсат еткен кәсіпкер келешекте балық бассейінін кеңейтумен қатар, уылдырық алу мен дернәсілдерді шабақ күйіне дейін өсіруді де қолға алуды көздеп отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жыл басынан бері  42 миллиард теңгеге жуық несие беріліп, 480 жоба субсидияланған

Жеке кәсіп ашамын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі көмек бар. Бизнес ашып, іспен айналысқысы келген азаматтарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»...

Төлебилік оқушы Дубайға жолдама жеңіп алды

Облыстық «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы ұйымдастырған «Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» акция-байқауы мәресіне жетті. Аталмыш акция-байқаудың ақтық...

Түркістанда балалардың қиялынан туған ертегілер жинағының тұсауы кесілді

Бүгін «Фараб» кітапханасында «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы өз мәресіне жетті. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

Фонд «Даму» поставщик господдержки для МСБ

Государство планомерно стимулирует развитие отечественного производства через реализацию государственных программ. Поддержку осуществляет Фонд развития предпринимательства «Даму» посредством предоставления субсидий...

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күніне орай Сауран ауданында ақ жаулықты 20 батыр ана марапатталды. Оның 6-ауы «Алтын алқа», 14-і «Күміс алқа» иегері....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сайрам ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің маневрлік...

Адам саудасын кім тоқтатады?

Азаматтардың құқығы мен бостандығы ең басты құндылық екендігі Ата Заңымызда нықтап жазылған. Алайда, өркениетті делінген өзге елдердегі сияқты бізде...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

Елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Түркістан облысында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан табиғи сипаттағы жағдай қалпына келе бастады....

Тағы да