Воскресенье, 19 апреля, 2026

Адам саудасы: ахуал көңіл көншітпейді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазір әлемде адам саудасы қызып тұр. Әсіресе, балаларды тауар көретіндер көбейгенін халықаралық ұйымдар жиі айтып, дабыл қағуда. Әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын Қазақстандағы ақпар да мәз емес. Мәселен, бір ғана Жетісу облысында жыл басынан бері 2 адам саудасы тіркелді. Нақтылап айтсақ, екі жағдайда да балалар саудаға түскен. «Ай-қап!» жағдай.

Өңірдегі адам саудасына не түрткі? Мұндай қылмысты құрықтауда құзырлы органдар қауқарсыз ба? Әлде олардың қарекеті мардымсыз ба? Себебі, былтыр өңірде адам саудасы қылмысы мүлдем тіркелмепті. Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілі Қуаныш Тұрсынжанның айтуынша, өткен тоғыз айда тәртіп сақшылары қарымды жұмыс жүргізген. Құқық қорғаушылар бар қарекетін ел Үкіметінің 2021 жылғы №94 қаулысымен бекітілген «Адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу, жолын кесу және оған қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындауға арнап отыр екен.

– Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша республикалық «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Криминалдық, әкімшілік, көші-қон полициясы және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жұмыс жүргіздік. Облыс аумағында 115 нысанды араладық. Одан өзге 2023 жылдың 18 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізілген «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ПД қызметкерлері арасынан мобильді топтар құрылып, аудан, ауыл-аймақтарында тексеру жұмыстары жүргізілді, – деді жедел уәкіл.

Қуаныш Тұрсынжанның айтуынша, «STOP трафик» аясында құқық қорғаушылар еңбекке мәжбүрлеу фактілерін анықтауға жұмыс істеген. Шара барысында шалғайда орналасқан шаруа қожалық нысандарын, егістік алқаптарын, қыстақтарды аралаған. Бірақ, еңбекке мәжбүрлеу дерегі анықталмаған. Өңірде шеттен келген еңбек мигранттарын қинап, жұмысқа жегу фактісі анықталмапты. Құқық қорғаушылардың сөзінше, жетісулықтар нәпақа табу мақсатында келген шетелдіктерге қиянат қылмайды екен. 

Айтпақшы, адам саудасы қылмысына жезөкшелік те жатады. Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілінің сөзінше өңірде, жыл басынан бері 40-қа жуық притон анықталған. Бұл ретте де жезөкшелікке түскен нәзікжандылардың бәрі мұндай қарекетке ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өз еркімен барған. 

Облыста адам саудасымен күресте «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі де біршама жұмыс жүргізіп келеді. Бірлестік президенті Жанар Нұрмұханованың айтуынша, олар қазір «Жетісу өңірінде бала саудасымен күресу» жобасын жүзеге асыруда. Түсіндірме жұмыстары мен түрлі тренингтер өткізіп келеді. 

Дастанбек САДЫҚ

Жаңалықтар тізбесі

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МҰРАТ БЕКТАНОВ ЗАҢСЫЗ БҰЙРЫҚ БЕРГЕН

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры...

Кәсіби асырап алушы отбасылар: қалай болады

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин құрамына кірген Қазақстан делегациясының Чехияға 5 күндік сапары аяқталды. Жеті адамнан...

Hard time ahead for Hodgson as England start Euro qualifying campaign

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Елін сүйген азамат

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

«Жасөспірім және заң» тақырыбында ата-аналармен кездесу жалғасуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тарапынан берілген тапсырмаға және кестеге сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков...

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғандаалып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытындаолар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.   Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды. Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын–соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black...

Тәрбие мен сапалы білім -жарқын болашақ кепілі

  Тәрбиемен  білім қатар берілсе, елін сүйген патриоттар саны артады. Қазір қоғамда ата-ана мен мектеп арасында байланыс ажырап бара жатқандығы...

После бездействия в течение двух тысячелетий, колоссальный Фонтан Кибиры в «городе гладиаторов» снова течет

Бурдур, город, известный своими археологическими памятниками в западной части Анатолии в Турции, сообщает интересные новости. После девятимесячного процесса реставрации...

Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан ВЕРОЦКАЯ: «Бүгінгі тренд – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту»

– Гүлжан Ералықызы, елімізде «Бала құқықтары туралы» заңнан өзге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 45-тен аса нормативтік-құқықтық актілер бар...

Тағы да