Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар жобаларды талқылады. Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын жалғыз өндіруші компания облыстың оңтүстік аймақтарында тыңайтқыш орталықтарын салу жобасын ұсынды. Ол үшін әкімдік тарапынан 3 га жер мен инфрақұрылым мәселесін шешу қолға алынбақ. Біздің мақсат – жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейту. Отандық өнімді молайту, кіріс көлемін арттыру. Бұл ретте инвестицияның маңызы зор. Сондықтан біз инвесторларға әрқашан ашықпыз және бірлесе жұмыс істеуге, қолдауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. «ҚазАзот» компаниясы оңтүстіктің ауыл шаруашылығы саласына қажетті 60000 тонна аммиак селитрасын жеткізуге жауапты екені белгілі.  Облыс әкімі компания басшысына өңір диқандарын қажетті минералды тыңайтқыштармен әрі қарай да  уақытылы қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді.  Аргосаладағы маңызды мәселенің бақылауда екенін айтты. Басқосуда өңірге қажетті жобаларға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Созак Ойл энд Газ» компаниясының басшыларымен Түркістан облысының мұнай-газ перспективаларын талқылады.

Түркістан облысына қарасты Шоқпақ аумағында орналасқан Үлкен Қаратау шұңғымасында мұнай қоры табылғаны белгілі. Аймақта алғаш рет анықталған «қара алтын» қоры Шу-Сарысу және Сырдария шұңғымаларында мұнай қорын болжауға үлкен септігін тигізбек. Қазба жұмыстары жалғасуда. Кездесуге келген жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті компания геотермалдық және минералды көздер бойынша кешенді жұмыстар жүргізбек. Инвесторлар Арыс артезиан бассейнін геотермалдық суларға ең перспективалы жоба ретінде бағалады. Арысқа жақын орналасқан аудан мен қалалар – термалды судың тұтынушылары.  Түркістан облысының аумағында жер асты суларының 300-ден астам кен орны бар. Түркістанды енді үйден шықпай, электронды карта көмегімен көруге болады. Бұл жаңашылдық шаһарды толықтай 2D және 3D форматында көрсетеді. Басқосуда түркі әлемінің рухани астанасының геоақпараттық орталығының цирфрлық көшірмесін құрастыру мәселесі қаралды. Ұсынылған платформа арқылы табиғи және техногендік жағдайларды модельдеуге мүмкіндік бермек және қаладағы инфрақұрылымның жағдайын бақылауға болады. Жаңа жүйе шаһардағы салынып жатқан ғимараттарды қадағалайды. Ал мемлекеттік органдар халық санының өсуіне байланысты қай аудандарда мектеп және емхана салу керектігін анықтап отырады. Облыс басшысы өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әрі қарай да жан-жақты қолдаудың болатынын айтты.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

Елдің сенімін ақтап жүрген халық қалаулысы

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ ЗОР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Сұлу шаһар Самарқан…

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының...

Ыстамбұлдың тамаша тарихи нысандарының бірі

  Түркия – әлемдегі туризмі озық дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қалаларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірі тарихи жерлерімен мақтанса, енді...

Мақтааралда жастар форумы өтті

Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың...

Елімізде бала туу деңгейінің төмендеу ықтималдығы жоғары – демограф

Қазақстан 20 миллиондық межені бағындырды. Республиканың 20 млн-шы тұрғыны атанған сәбилер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді,...

Питер Фостер: «Компания үшін қиын кезеңде Halyk сенімді серіктес болды»

    Air Astana президенті Питер Фостер тілшімізге берген сұхбатында жаһандық пандемия кезінде және 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар кезінде авиация үшін...

Жас аналарға арналған байқау өтті

Бүгін Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Алтын бесік -2023» жас аналарға...

Қолжетімді туризм: Ақмола облысында белсенділер инклюзивті туризмді қалай дамытуда?

Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер...

Тағы да