Понедельник, 20 апреля, 2026

Мақтааралда жастар форумы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Мақтаарал ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар — қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы болып өтті.

«Мақтаарал» агроколледжінде өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров, ауданның прокуроры м.а. Саят Бекмұратов, ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев пен аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері, аудан жастары мен ұстаздар, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Еркін форматта өткен форум барысында аудан әкімі Б.Асанов жасөспірімдер, жастар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа, кемсітушілікке жол бермеу, әлеуметтік желі арқылы буллинг жасамау, адамның қадір-қасиетіне тиіспеу, мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып сапалы білім алу, жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзінің пікірлерін айтып, жастарға ұсыныс тастады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров пен ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев та жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Форум барысында ұрпақтар сабақтастығы мен ұлт тәрбиесі жайында ардагерлер мен аға ұрпақ сөз сөйлеп, өздерінің өмірлік ақыл-кеңестерін берді.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

«МАРЖАН” БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Қазақстанда адам саудасына мигранттар ұшырайды

Елдің ресми статистикасы халықаралық есептерден анағұрлым алшақ. Шындығында, 2018 жылы Қазақстанда қазіргі заманғы құлдықта 75 мың адам болған. Орталық Азия...

«Әжелер алқасының» құрылғанына 10 жыл!

Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шара қаламыздағы Ардагерлер орталығы алдындағы саябақта ұлттық құндылығымызды...

Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам!

Бүгін ауданымыздың мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

Стамбұлдағы Чемпиондар фестивалі

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға...

«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды

Облыс орталығында өткен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер екі...

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын...

Тағы да