
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар.Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, кейде әлемдік дамудың алдын алуға, бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Әрбір мемлекеттің даму деңгейі мен жарқын болашаққа жасаған стратегиялық бағыттарының лайықты жүзеге асуы ең әуелі адами капиталға тікелей байланысты екені белгілі. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Яғни, заманға сай біліммен қаруланған әрі мәдениеті бай адамдар ел тұғырын қалыптастырады, мемлекетті ілгері бастырады, халықты жаңа сатыға көтереді.
Сонымен бірге, елдің өркениет деңгейі де азаматтардың парасаттылығымен, олардың ішкі рухани құндылығымен өлшенеді. Бұл орайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жалпы халықтың басым бөлігін жастар құрайтын және білім беру жүйесі орнықты қалыптасқан елдердің табысқа жету мүмкіндігі өзгелерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін сан рет дәленденген.
Адами капиталдың негізгі көзі – жастар екені даусыз. Сондықтан да бүгінгі күні еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, мемлекет дамуының жаңа бағытына бет бұрды. Осының барлығы дерлік кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар біздің жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.
Жасампаз жастар — жарқын болашақ!
Редакция таңдауы
