Воскресенье, 19 апреля, 2026

Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

60-тан астам оқушылар мен студенттер Атырау облысындағы робототехника бойынша ең ірі жарыста үздік әзірлемелерді ұсынып, тәжірибе алмасты

Атырау, 2022 ж. 30 мамыр – Атырауда робототехникадан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатқа 35 команда, робосумо 10х10, биатлон, кегельринг-квадро және робосумо 25х25 санаттары бойынша облыстың барлық аймақтарынан 60-тан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде әр түрлі жас топтарында 30 адам жүлделі орындарға ие болды.

 

Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің инженерлік дизайны нақты қойылған міндеттерді орындауға бағытталған құрылғылардың әзірлемелерін ұсынды. Конструкторлық шешімдері мен бағдарламалық коды тапсырманы ең аз уақытта дәл орындауға мүмкіндік беретін командалар ең жоғары балл алды. Мысалы, «Робосумо» санатында кез-келген позициядан қарсыластың орналасқан жерін анықтап, оны рингтен тыс итеретін роботтар көрсетілді. «Кегельринг-квадро» санатында роботтар кегльдердің берілген түсін автоматты түрде анықтап, оларды басқалармен қақтығыспай, итеріп жіберді, ал «Биатлонда» балаларға роботтарды белгілі бір сызықты ұстануға, кедергілерді айналып өтуге, нысанаға тигізуге және оларды атуға болатындай етіп жасап, бағдарламалау қажет болды.

 

Жыл сайын «KazRoboSport» чемпионатын «КазРоботикс» қазақстандық спорттық және білім беру робототехника федерациясы» РҚБ ұйымдастырады. Биылғы жылы іс-шара «Шеврон» компаниясымен және Орталық Азияның Еуразия Қорымен серіктестікте «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

«Мен мұндай іс-шараға алғаш рет қатыстым. Ол мен үшін өте пайдалы және қызықты болды. IT технологиялар мен робототехника – бұл біздің болашағымыз. Мен осы бағытта одан әрі дамығым келеді», – деп өз әсерімен бөлісті Атырау қаласындағы № 16 мектептің 8 сынып оқушысы Диана Марзабаева.

Чемпионат Қазақстанда спорттық робототехниканы дамытуға мүдделі талантты жас қатысушыларды біріктіреді. Командалармен бірге чемпионатқа олардың педагог-тәлімгерлері келді. Командалар жарысып жатқанда, дөңгелек үстел өткізілді, онда ОАЕҚ мен «КазРоботикс» өкілдері болашақ жоспарларымен бөлісе алды, ал оқытушылар туындаған мәселелер бойынша кері байланыс бере алды. Осылайша, мектеп деңгейінде инновацияларды тікелей жүзеге асыратын тұлғалармен бірге аймақтағы STEAM дамуы бойынша ағымдағы мәселелер және оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.

Қазақстандық «Казроботикс» робототехника Федерациясының президенті Айжан Жекееваның айтуынша, карантиннен кейін жалпы ел бойынша балалардың дайындық деңгейі төмендегеніне қарамастан, Атырауда іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Шеврон» компаниясына жобаны қолдағаны үшін, сондай-ақ біздің жастарымыздың дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді», – деп толықтырды Жекеева.

 

Атырау облысында «KazRoboSport» робототехника чемпионатының қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

«Сумо 25х25 (6-13 жас)» санатында бірінші орынды Қалымжан Нұрсұлтан (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Алдан Ануар (Teren Oi, Атырау), үшінші орынды Тегісбаев Райымбек және Цой Кирилл (16 мектеп-лицейі, Атырау) иеленді.

«Сумо 25х25 (14-18 жас)» санатында бірінші орынды Тарбанов Дамир (Атырау БИЛ), екінші орынды Любсали Ұлағат және Серікұлы Нұрболат (Алмалы ауылының орта мектебі), үшінші орынды Исмағамбетов Әлімхан және Қасымқожа Ерғали (Б. Қанатбаев атындағы мектеп, Доссор) иеленді.

«Кегельринг-квадро (6-13 жас)» санатында бірінші орынды Әмірбек Анвар мен Әмірбек Алдияр (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Ерікұлы Бекарыс пен Наурызбай Алмаз (IT лицей) иеленді.

«Кегельринг-квадро (14-18 жас)» санатында бірінші орынды Қадыржан Алдоңғар (Teren Oi, Атырау) иеленді, екінші орынды Рысжан Нұрқанат, Самалық Әліби (IT лицей) және Сисенбай Әсел, Ермек Жанель (Б. Қанатбаев атындағы мектеп, Доссор) бөлісті.

«Биатлон (10-14 жас)» санатында бірінші орынды Қамза Абдрахман мен Таңбай Мирас (Жас техниктер станциясы, Құлсары), екінші орынды Әнуар Қуандықұлы мен Жайылыс Нұрлан (RoboMax клубы, Атырау), үшінші орынды Әбіш Нұрдәулет пен Амангелді Айбек (RoboMax клубы, Атырау) иеленді.

«Робосумо 10*10 (14-17 жас)» санатында бірінші орынды Сакишев Азамат және Қасым Айдын (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Марзабаева Диана және Қазбекова Айжан (16 мектеп-лицейі, Атырау) иеленді.

«Робосумо 10*10 (18-21 жас)» санатында Бақтыгереев Абдурахман және жақсылық Әбілмансұр (Teren Oi, Атырау) өнер көрсетті.

«Биатлон» және «Робосумо 10*10» санаттарындағы жеңімпаздар күзде елордада «KazRoboSport-2022» республикалық чемпионатында өнер көрсетіп, басқа облыстар мен қалалардың үздік өкілдерімен бәсекелесу үшін Атырау облысының құрама командасына кіреді.

«Жарыстарға дайындық барысында техникалық дағдылар мен құзыреттермен қатар балалар командада бір-бірімен өзара әрекеттесуді үйренді. Жарыстар кезінде балалар стресске қарсы тұру дағдыларын игереді, сыни және креативті ойлауды, белгісіздік жағдайында тез шешім қабылдауға, бір-бірімен келіссөздер жүргізуге, нәтижеге деген ортақ жауапкершілікті алуға үйренеді. Бұл барлық адамдарға қоғамда кез келген кәсіп пен қызмет салаларында тиімді іске асыру үшін қажет қасиеттер», – деп қосты іс-шараның қорытындысында Орталық Азияның Еуразия Қорының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Жаңалықтар тізбесі

Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша форум өтті

2023 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы»...

«Кітап оқитын адам – табысты адам!»

Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық...

ТҮРКІСТАН: 2022 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

2022 жылы Түркістан облысы, Келес ауданында 3045 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде бір отбасында үшем туылып, тағы 7...

Түркістан облысының дәрігерлері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Балаларды қорғау күні мерекесі күнінде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚЫСТА ДА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекені “Нұр Айша” шаруа қожалығы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Шаруа қожалығының...

Жастармен жарқын кездесу

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Тағы бір отбасы үйлі болды

Қайырымдылық - қадірлі іс, ерекше ұғым, адами қасиеттердің ең қадірлісі, ізгіліктің көрінісі. Адам ұрпағына жастайынан қайырымды болуды қанына дарытып,...

Ол үйдің ұл-қыздарының осалы жоқ

Қызылкөл елді мекеніндегі (Созақ ауданы)М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқыбай Рысқұлбековті шәкірттері өздеріне етене...

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022-2023...

Тағы да