Вторник, 21 апреля, 2026

АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сәлеметміздер ме, ханымдар мен мырзалар,
Құрметті Ерлан Қарин мырза,
Құрметті Аида Балаева ханым,
Құрметті Багдат Мусин мырза!
Қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумына  қатысу мен үшін ерекше мәртебе

Биыл QazForum өзінің алғашқы маңызды кезеңін – бес жылдығын атап өтіп отыр және оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз.

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет ретінде Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастырып келеді. Осы жылы біз сондай-ақ қауіпсіздік, даму, өркендеу және негізгі бостандықтарды сақтау жөніндегі міндеттемеге негізделген АҚШ-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын атап өтудеміз. Біз алдағы жылдары экономикалық, қауіпсіздік және халықтар арасындағы байланыстарымызды нығайта түсугге мән береміз.

QazForum қазақтілді БАҚ мен интернет-контент жасаушылардың басын қосып, қазақтілді кәсіпқой қауымдастық үшін қол жетістіктерді дамытып, әлі де жүзеге асырылып жатқан істерді талқылау үшін құрылған.

Биыл Форумның бағдарламасында қазақстандық БАҚ мен қоғамның болашақта қалай өзгеретіні туралы көзқараспен бөлісу сияқты мақсат қойды.

Соңғы бес жылда Форум нарықтың осы сегментінде тренд қалыптастырушы ретінде танылды. Біз өткен жылдардағы Форумда болған білім алмасу мен пікір алмасу жаңа және тұрақты серіктестікке дейін өскенін байқадық. Осындай форум қазақтілді жаңа медиа жобалардың пайда болуына және осындай шаралардың медиа қауымдастығына оң әсер еткеніне куә болдық.

Бүгін түстен кейін Юсуф Омардың шеберлік сабағы сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Ол мобильді журналистиканың көрнекті сарапшысы және оның интернеттегі жаңалықтарын миллиардтан астам адам таниды. Оның күрделі тақырыптарды ашуда контентті шығармашылығы арқылы жас аудиторияға тартымды ете алуы мені тәнті етті.

Бүгін Қазақстан азаматтарының басым бөлігі әлеуметтік желіде. Олар әлеуметтік медианың белсенді қолданушылары ғана емес, желідегі медианы тұтынуды өзгертеді. Көптеген қазақстандықтар әлемдік онлайн нарыққа өз үлесін қосып, Қазақстанда жасалған медиа өнімдерді шекарадан тыс аймақтарда да танымал етеді.

Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады. Бұл қоғамға оң әсер ететін үлкен жетістік. Ақпарат еркіндігіне толық құрмет көрсетіліп, STEM және IT-білімге инвестиция жасалса мұндағы цифрлық нарық, соның ішінде Қазақстанда жасалған медиа өнімдер, тек Қазақстан экономикасының өсуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағына маңызды актив бола алатынына сенімдімін.

Байланыс жағынан дамыған цифрлық Қазақстанның басқа елдер сияқты ендігі тап болатыны ол – жаһандық дезинформация. Біз барлығымыз COVID-19 пандемиясы кезінде адамдарды шатастырып, айла-шарғы жасау мақсатында жалған жаңалықтардың мақсатты түрде таралуы экономикаға, ал ең сорақысы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян тигізетініне куә болдық..

Дамып жатқан технологиялардан қалыспау керек екендігін БАҚ мамандары ретінде, қажырлы еңбегіңіз бен тәжірибеңіз арқылы БАҚ болашағын қалыптастыратын үздіксіз мамандар ретінде бізден гөрі Сіздерге мәлім екені анық. Сондай-ақ, сіздерге аудиторияны жалған ақпаратты анықтау және фактілерді тексеруге үйретуге уақытыңыз бен күш-жігеріңізді салу — ұлт болашағы үшін қаншалықты құнды екенін бәріміз түсініп, білеміз. Бүгінгі күні бәріміз тап болған жалған ақпарат мәселесін ескерсек, күшті, еркін және кәсіби медиа ортаны қалыптастырудың маңыздылығын сезінеміз. Бүгінгі пікір алмасу сіздрге Қазақстандағы онлайн-медиадағы үрдістер туралы ойлануға және цифрлық стратегия, фактілерді тексеру және ақпараттық қауіпсіздік сияқты тақырыптар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді деп үміттенемін.

АҚШ миссиясы БАҚ мен журналистикаға арналған көптеген бағдарламаларға демеулік жасайды. Мен олардың барлығын тізіп шыққанша, уақытыңызды алмайын. Мен олардың біріне ғана – Журналистерге арналған ағылшын тілі бағдарламасына назар аударғым келеді. Бұл бағдарлама бүкіл ел бойынша журналистер үшін тегін ағылшын тілі сабақтарын ұсынады және курсқа тіркелу 10шы қарашаға дейін ашық. Бағдарламаға қатысу үшін осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Біз қазақтілді журналистердің осы бағдарламаның игілігін көріп, бұрын таныс болмаған адамдардан сұхбат алып, жаңа ақпарат көздеріне қол жеткізер деп болжау жаасаудың өзіне де қуаныштымыз.

Қазақтың бір мәтелінде айтылғандай, «Ел өзіңнен, болашақ бүгіннен басталады». Менің ойымша, QazForum маңызды тенденцияларды ескеру, алысты жақын ету, болжау, алдымызда тұрған міндеттер мен мүмкіндіктерге дайындалу сияқты көзқарастарды басшылыққа алады.

Баршаңызға қызықты әңгімелер мен қызықты идеяларға толы жемісті күн тілеймін!
Бүгінгі күн сәтті болсын!

Жаңалықтар тізбесі

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның» кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі бірқатар...

Kate Gosselin to star in new reality show, Kate Plus Date

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады

16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне...

Жастарға тарихтан өнеге көп.

  Түні тез таусылып, таңы жылдамататын жаздың ұзақ күнінде әулиелі де киелі орындарға зиярат етіп, Алладан тілектілеушілер қатары арта түседі....

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті тұрғындармен кездесу өтті

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Аудан...

«Ойлы болсаң, озып көр!»

Түркістанда шахматтан «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» жарысы өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанатында «Шахмат әліппесі»...

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  Түркістанда ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары...

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық...

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды

Түркістанда «кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды Шағын және орта бизнес – көптеген дамыған...

Тағы да