Понедельник, 20 апреля, 2026

Самарқан: Туристерді тамсандырарлық тамаша кешендер көп

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігімен біріге отырып, Ташкент-Самарқан-Бұқара қалаларына арналған пресс-турының үшінші күні Самарқан қаласына табан тіредік. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі шаһарда туристерді тамсандырарлықтай ғажайып орындар молынан екен.

Ақындар мөлдіретіп жыр арнаған, сазгерлер сырнайынан саз төгілткен сұлу шаһар расында көз тойдырарлықтай. Әмір Темірдің қолтаңбасы қалған әсем қалаға сүйсінбеу мүмкін емес. Көк күмбездерін күнге сүйдіріп, алыстан менмұндалап тұрған киелі мекенді апта бойы араласаң да жалықтырмастай. Алыстан ат арытып келген туристердің қарасы қалың. Биылғы жылдың алты айында Самарқанға 4 миллион турист келіпті. Пандемиядан бұрын бұл цифр бұдан да көп болған екен, алдағы уақытта туристердің қатары қалыңдайды деген болжам бар…

Самарқанға ат басын бұрғандардың басым бөлігі ең алдымен Әмір Темірдің мавзолейіне соқпай кетпейді. Төрткүл дүниені аузына қаратқан, жарты әлемді жаулап алған атақты Әмір Темір осында жерленген. Көк тіреген күмбездері көз сүйсінткен алып кешеннің аумағында медресе, қоналқа, азан шақыратын мұнара, гүлге көмкерілген алып саябақ бар. Мұнда Әмір Темірдің өзі, ұстазы, отбасы мүшелері мен ізбасарлары жерленген. Одан бөлек, сүйікті жары Бибі ханымның мавзолейі салынған. Жолбастаушымыз Анора Измурадова: «Әмір Темірдің мавзолейінің қарсы бетінде тұрған Көк сарай. Мұнда бұдан бөлек медресе бар. Мавзолейдің іші алтындалған. Негізінде астыңғы қабатта жерленген. Ал үстіңгі қабат зияратшыларға арналған» , — дейді.

Әмір Темір мавзолейінің алдындағы аулада көлемдірек көгілдір кесе тұр. Үлкен қазан деуге де болатындай Атақты қолбасшының сарбаздары соғысқа кетер алдында осы ыдыстан бір бір кеседен су ішетін болған. Соғыстан келген соң тағы да осы кеседегі судан ішіпті. Қазандағы судың деңгейіне қарап қанша сарбаздан айырылғанын біліп отырады екен. Ал екінші кішірек кеседе шөптен арнайы шәй қайнатылған. Әмір Темірдің сарбаздарына күш жинау үшін, залалсыздандыру үшін, ағзасын қалпына келтіру үшін арнайы дайындалыпты. Сан бояулы Регистан Бұдан кейінгі ат басын бұрған жеріміз Регистан болды.

Жолбастаушымыз Анораның айтуынша ІХ-Х ғасырда дәл осы жерде Арзис өзені болыпты. Арнасы толып аққан өзеннің кейіннен аңқасы кеуіп, тартылып кеткен құсайды. Ол құрғап кеткен соң орнын құм басқан, сол себептен де құм алаңы деп аталыпты. ХV ғасырда мұнда базар салынған. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан орынға шеберханалар салынып, қолөнер бұйымдары сатылыпты. ХV ғасырда Самарқанның сол кездегі билеушісі Мырза Улуғбек 1417-1420 жылдар аралығында құрылысын бастап, Шердор медресесін салған. Самарқан қаласының басты символы барыс бейнесі. Сондықтан Шердор медресесінде барыс бейнеленген. Арлы берлі ағылған саудагерлерге арналып қоналқа салыныпты. Үшінші «Тіллә кәри» (Алтынмен апталған) ғимараты бой көтерген. 250 жыл ішінде үш медресе салынған. ХV ғасырда екі нысан, үшінші XVII ғасырда салынып біткен.

Мұнда Жалаңтөс Баһадүр бабамыздың ізі қалғанын да мақтанышпен айтуға болады. Үшінші ғимаратты атақты батырымыз салдырған екен. Бұдан бөлек мұнда керуен сарай болған. Осында демалған саудагерлерден түскен салық медреседе оқып жатқан шәкірттерге жұмсалған. Түнде арнайы жарықшамдармен безендіріліп, шоу көрсетіледі. Әуені мен әуезі үйлесім тапқан керемет мекен. Түнгі ғажайыпты тамашалауға ағылғандардың қарасында есеп жоқ. «Самарқан, Самарқан, мой Самарқан…» атты ән құлақтан кетер емес…

Гүлжан Көшерова

Жаңалықтар тізбесі

Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі...

В Auezov University обсудили проект Национального доклада

В Auezov University обсудили проект Национального доклада «Качественное образование, доступное каждому». На заседании приняли участие профессора-преподаватели, сотрудники и молодые...

ШАРДАРА:«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты жастар форумы өтті

Жастар форумына аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан...

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті тұрғындармен кездесу өтті

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Аудан...

Араста базары шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты...

Созақ ауылында «Бір атаның ұрпақтары» арасында футзалдан аудандық жарыс ұйымдастырылды

Созақ ауылында 17 қыркүйек күні Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені»...

ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді шешуге күш салынады. Тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен...

ТҮРКІСТАНДА ЕКІ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл...

ТҮРКИЯДАҒЫ ЕҢ ӘДЕМІ ДАЙВИНГ БАҒЫТТАРЫ

Түркия сүңгуір әуесқойларға жыл бойына көгілдір тереңдікте түрлі апаттар, бай су асты фаунасы мен флорасы арқылы өткеннің іздерін табу...

Тағы да