Вторник, 21 апреля, 2026

Түркістанда «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті. Форум аясында ұлттық тағамдарымыз бен дәстүрімізге, қолөнерімізге арналған көрме ұйымдастырылды.

Түркістан қаласында өткен мерейтойлық жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және аудан мен қалалардан кеңес-алқа мүшелері қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы әженің рөліне арналған арнайы бейнефильм көрсетіліп, ақжаулықты әжелер ұлттық салтымызды сахналады.

Форумда ел ішінде ерен еңбегімен танылған, дәстүрімізді дәріптеп жүрген әжелер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық ардагерлер кеңесінің грамотасымен марапатталды.

— Түркістан өңірі — ұлттық дәстүрді ұлықтаған киелі мекен. Күнгей өлкенің әрдайым ынтымағы, бірлігі мығым. Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиеcі мен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін асыл әжелердің орны мен рөлі қашанда ерек болған. Бүгінгі жиын да осы мақсатта өтіп отыр. Біз ұлттық тәрбие беруде әжелеріміздің тәліміне көп сенім артуымыз керек. Бүгінде облыстық ардагерлер кеңесі, оның ішінде Әжелер ұйымы жаңаша бағытта жұмыстар атқарып келе жатыр. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» дегендей, ата мен әже – ел тұлғаларын өсіретін ұлттық мектеп, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Сонымен қатар, әжелер мектебін дамыту тәжірибесін басқа өңірлерде де насихаттау үшін «Аялы әже» атты мүсін-таңба еліміздің барлық облыстарына эстафета ретінде табысталмақ. Алғашқы эстафета бүгінгі «Аялы әже» форумында киелі Түркістан өңірінен әулиелі Жамбыл облысына салтанатты түрде тапсырылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

4 инвестор тартылып, 11 елдімекенге интернет желілері орнатылуда

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 14 жасар автомеханик тұрады

Келес ауданында техниканың тілін меңгерген 14 жасар бала тұрады. 9 сыныпта оқитын Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл...

Сөзі мен ісі үйлескен іскер азамат

«Nur Otan» партиясының белсенді депутаты Аширбаев Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік. Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты...

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды

2021 жылдың 5-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні...

Гендерлік теңдік

Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі....

«Өрлеу» бағдарламасы несие беруді онлайн форматқа көшірді

«Өрлеу» бағдарламасы енді цифрланып, кәсіпкерлерге жедел, оңай қызметке жол ашты. 🚀 Бұл бағыттағы алғашқы қадамды Freedom Bank жасап, жеңілдікпен несиелейтін...

Ағайын-туысқа өте бауырмал болатын

Тірлікте әкенің орны бөлек қой. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Өзіміз ата болсақ та әлі күнге дейін...

Тағы да