Воскресенье, 19 апреля, 2026

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...
Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде.
Жатырдағы ісікті ерте анықтау үшін орталықтағы цито-гистологиялық зертханада жан-жақты тексеріліп, науқастан алынған сынамаға толық талдау жасалады.
Цито-гистологиялық зертханадағы сынамаларды дайындау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен скринингке келген әйелдер емханадағы тексеру кабинетінен өтіп, жатыр мойнынан жағынды алынады. Оны медицина мамандары арнайы контейнерге салып, онкологиялық орталықтағы цито-гистологиялық зертханаға жеткізеді.
Цито-гистологиялық зертханадағы автоматтандырғылған аппараттың көмегімен медицина мамандары жағындыны 1,5 сағат ішінде өңдеп, қажет анализді дайындап шығарады.
Цито-гистологиялық зертхананың меңгерушісі Татьяна Тихонованың айтуынша, анализге цитология әдісімен скринингке қабылданған сәттен бастап, препаратты қарауға беруге дейін 1,5 сағат уақыт кетеді.
– Цитологияны зерттеудің бірінші кезеңінде біз емхана мамандарынан анализдерді қабылдап, түтіктегі сынамаларды арнайы сериялық нөмірмен рет-ретімен белгілеп шығамыз. Содан кейін түтіктегі материалдарды аппаратқа орналастырып, шайқап шығарамыз. Келесі кезеңде түтікшедегі сұйық затты тағы аппаратқа орналастырып, түтіктің түбіне түскенге дейін дайындалады. Түтіктің түбіне түскен бұл тромб сұйық күйге түсіп, түтік негізгі аппаратқа орналастырылады. Онда компьютердің көмегімен автоматтандырылған бағдарлама арқылы жасушалық материалдарға әйнекке бояу жағу процесі басталады. Белгілі бір уақыттан кейін құрылғы әйнекті өзі бояп шығады. Содан кейін әйнекте боялып шыққан сынаманы микроскоп арқылы көріп, ісіктің бар-жоғын анықтаймыз, – дейді цито-гистологиялық зертхананың меңгерушісі.
Зертхана меңгерушісінің сөзінше, цитологиялық тексеру қатерлі ісік ауруын ғана емес, гинекологиялық патологиядағы барлық ауру түрін ерте сатысында анықтап бере алады.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар цифрландыру жүйесіне көшті. Зертханалық жұмыстар, дәрігерлердің қызметін бағалау, емдеу әдістері және тағы басқалар, ақпараттық технологиялар негізінде жұмыс істеуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: МАҚТАШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық...

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні

Адамзат өркениетінің ең басты жетістігі демократиялық құндылықтардың қоғам құрылысын реттейтін халықаралық стандарттар деңгейіне көтерілуі дейтін болсақ, «бала құқығы» ұғымы...

Теріскейді түркістандықтар түлетіп жатыр!

«...Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерге жаппай көшуі салдарынан көптеген...

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Іс-шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтаарал, Жетісай,...

ORDABASY: Аудан жастарын біріктіретін ортақ алаң құру керек

Жастар – елдің басты байлығы, мемлекеттің болашағы. Сондықтан оларға әрқашан қамқорлық пен қолдау ауадай қажет. Осы мақсатта ел болашағы...

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған жоспарлары орындалуда

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған. Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2...

Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам!

Бүгін ауданымыздың мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті....

Мақтааралда жастар форумы өтті

Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың...

Тағы да