Вторник, 21 апреля, 2026

«Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары бірікті: Елордада «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Бірлескен құжат балалардың құқықтарын қорғауға және балаларға қатысты жобаларды тиімді басқаруға, мектеп оқушыларының қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеті болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта ведомство бірқатар шаралар қабылдауда. Оның ішінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағыты да бар.

«Халқымыздың «Асар» деген игі дәстүрі бар. Яғни, бірлесіп, ерікті түрде жұмыла көмектесуді білдіреді. Волонтерлік — осы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тікелей көрінісі. Еріктілер өз елінің нағыз патриоты мен азаматы ретінде балаларды жақсылыққа, әділдікке, жасампаздыққа жетелеп, шығармашылық шабыт береді деп сенеміз. «Менің бауырым» еріктілер қозғалысы балаларымыздың құқықтарын қорғау бағытындағы ынтымақтастығымызды нығайта түсері сөзсіз», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасының еріктілері қатарына педагогика, құқықтану, психология, әлеуметтік педагогика және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша 3-5 курстарда оқитын ЖОО студенттері тартылмақ. Елорданың 171 мектебінің оқушыларына қолдау көрсететін 12 жоғары оқу орнының 1300 студентінен тұратын команда құру жоспарлануда.

«Құрметті студенттер, қазіргі сәт — өмірлеріңіздің алтын кезеңі. Өздеріңіздің ресурстарыңызды жан-жақты дамуға: оқу, ғылым, әлеуметтік және қоғамдық өмірг бағыттайтын уақыт. АҚШ-та «Community service», яғни «Қоғамдық қызмет» деген пән бар. Еліміздегі жоғары оқу орындарында да ол енгізілуде. 6 университте біз бірінші кезекте пилоттық жобаны іске қостық. Бұл оқу орындарында 100% академиялық көрсеткіштермен өлшенетін GPA-ді біз келесідей бөлдік: 50% – академиялық көрсеткіш, 25%-ғылыми-зерттеу қызметі және 25%-қоғамдық-әлеуметтік жұмыс. Яғни, әр студенттің әлеуметтік қызметі: волонтерлік, спорт, әлеуметтік, мәдени жобалары да есептеледі. Жалпы көрсеткіштің 25% — на қосылады. Сондықтан «Менің бауырым» жобасын іске қосу — бүкіл қоғамға пайдасы тиетін игі бастаманың жалғасы деп санауға болады. Біздің балаларымыздың әл-ауқатының жақсы болуы — мемлекеттің игілігі», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасының еріктілері алдымен арнайы тренингтерден өтіп, мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулықтар беріледі. Олардың әрі қарайғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитын болады. Волонтерлік топтарды жоғары оқу орындары құрады. Ал, Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен олардың мектептердегі жұмысы ұйымдастырылады.

Жаңалықтар тізбесі

Түлкібаста «Ер есімі — ел есінде» атты патриоттық жиыны өткізілді

Қай дәуір, қай кезең болмасын артынан артынан өшпестей із қалдыратын тау тұлғалар болады. Сондай азаматтың бірі – Алмас Мақсұтұлы...

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге...

Қазыналы қарттарды құттықтады

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»,- дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет,...

ТҮРКІСТАН: Төлебилік қарияларға құрмет көрсетілді

Төлеби ауданында Қарттар күні мерекесі қарсаңында қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев сөз алып, жылы...

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МҰРАТ БЕКТАНОВ ЗАҢСЫЗ БҰЙРЫҚ БЕРГЕН

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЫБЫН-ШІРКЕЙМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Соңғы күндері Түркістан облысында бірнеше аудан шіркейдің шырмауында қалып, тұрғындарды әбігерге түсірді. Осы орайда, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде жауапты...

VI ТҮРІК КИНОСЫ АПТАЛЫҒЫ

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы...

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ...

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

Тағы да