Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түлкібаста «Ер есімі — ел есінде» атты патриоттық жиыны өткізілді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қай дәуір, қай кезең болмасын артынан артынан өшпестей із қалдыратын тау тұлғалар болады. Сондай азаматтың бірі – Алмас Мақсұтұлы Тоғызбаев. Керейт ауылында дүниеге келген арда азамат орта мектепті тәмамдаған соң, әскер қатарына алынып, Латвия республикасында әуе-десант әскери күштерінің құрамында болды. Сол жылдары Таулы Карабах шиеленіс соғысқа қатысып, ерліктің ерен үлгісін көрсете білді.

1990 жылы туған жерге оралып, ұстазы әрі жетекшісі Исахов Шаймерденнің ұсынысымен Шымкент дене тәрбиесі техникумына оқуға түседі. Жастайынан спортқа құмар Алмас Мақсұтұлы студент кезінде облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанады. 1992 жылы оқу орнын үздік аяқтап, өзі туған ауылындағы Киров, қазіргі Ордабай Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне кіріседі. Қаншама шәкірттері аудандық спартакияда жүлделі орынға ие болды. Өзі де мұғалімдер арасында өткізілген аудандық турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Бұдан да үлкен жетістікке ие болар ма еді, жасын ғұмыр құйрықты жұлдыздай ағып түсті. Артында жары, бес перзенті қалды.

Ерлік ешқашан ескерусіз қалмайды. Таулы Карабақ соғысында ерлік көрсеткен Алмас Тоғызбаевқа өзі оқыған, қызмет атқарған Ордабай Ағыбайұлы жалпы орта мектебінде ескерткіш тақта орнатылды. Ерлердің есімін ардақтау мақсатында 20 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде аудандық көлемде ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан, облыстан жауынгер ағалар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алмас Мақсұтұлының бауырлары келді. Естеліктерін айтты. Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алдыға жылжыған сайын жасаған ерліктің шоқтығы биіктей бермек.

Мұнан кейін ауылдық мәдениет үйінде «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы салтанатты жиынға ұласты. Тоғызбаевтар әулетінің және Ордабай Ағыбайұлы жалпы орта мектебінің ұйытқы болуымен мешітте Алмас Тоғызбаевқа, Таулы Карабақ ұрыс – қимылдары құрбандарына арнап құран бағышталып, ас берілді.

Жаңалықтар тізбесі

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЯЛДАМАЛАРДЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТІП ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН 96 ПӘТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Биыл Шардара ауданында кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтерлі 6 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім....

“STOP-трафик” операциясы кезінде адам саудасына байланысты 30 қылмыс анықталды

ІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қыркүйек айында “STOP-трафик” кезекті кең ауқымды операциясын жүргізіп, адам саудасына байланысты 30 қылмысты...

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке...

Шардара: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды

Бүгін кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандық әкімдік ғимаратында жиын өтті. Жиынға комиссия мүшелері:...

The 6 Best Luxury Hotels to See the Northern Lights This Winter

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауы басталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева хабарлады. – Елімізде...

«Абайлаңыз — балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда. Акция аясында жергілікті...

DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы...

Тағы да