Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді – ІІМ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мыңға жетті

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның қалай күшейтілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ұлы Алаш Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап полиция арыз-шағымсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғай алады. Ол үшін куәгерлер мен көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркеу құралдарының жазбалары жеткілікті. Ал сот тиісті шешім шығарады.

Бұдан бөлек, заңға бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Олар:

татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады (1 шілдеден бастап сотта тек бір рет татуласуға болады);

тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді;

әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды;

Қылмыстық кодекстің ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты жекелеген баптарына «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау» белгілері енгізілді.

«Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді», — дейді министрлік мамандары.

Осының нәтижесінде соңғы төрт айда (шілде-қазан) жауапқа тартылғандар саны артқан. Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жетті (қазан айында – 9,5 мың). Тиісінше қамауға алынған агрессорлардың саны 2 есе өскен.

Биыл барлығы 60 мың 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 12 мың ерекше талап қойды.

Жалпы, заңға енгізілген өзгерістерден кейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу көрсеткіші 20 процентке өсті.

Жаңалықтар тізбесі

Кападокия: Үңгірлердегі қонақүйлер

Өміріңізде кем дегенде бір рет Кападокияға баруыңыздың бес себебі бар. Кападокия – таңғажайып табиғи сұлулығымен және тарихи орындарымен туристерді тартатын...

«Жас көшбасшылар — 2023» құрылтайына қатысты

Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернатының өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10 сынып оқушысы Мұхит Жасұлан Астана қаласында өткен «Жас көшбасшылар...

Облыс әкімі балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті балалар! Өскелең ұрпақ! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – біздің байлығымызсыздар. Елдің үміт артар болашағысыздар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Бала күтіміне төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев толық емес отбасылар...

Offset Shares a Video of Cardi B Giving Birth to Baby Kulture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТУҒАН ӨЛКЕМ

Шымкент - менің туыған өлкем. Әр перзент өмірге келген, кіндік қаны тамған өлкесін мақтан тұтары анық. Туған жер бәрімізге ыстық....

Түркістан облысында биыл 21 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені - 21 065....

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұйымдастыруымен «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме ашылды

15 қараша ұлттық валюта - теңге күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме өтеді....

Жастардың уақытын ұтымды пайдалануы — маңызды іс

Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты  ең маңызды мәселе – бұл олардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білу мәселесі болып отыр. Жастардың  бос уақыттарын дұрыс пайдалана  білуі бүгінгі күндері барынша  өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге...

Тағы да