Понедельник, 20 апреля, 2026

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме 13 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетуде. Ғимараты 1974 жылы типтік емес үлгіде дәріханаға арналып салынған. Соған қарамастан мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.
Емхана жұмысының жай-күйімен танысқан Б.Тәжібаев жаңа типтік жобадағы емхана ғимаратының құрылысын жоспарға енгізуді жүктеді. Мұнан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Күншуақ» бөбекжай бақшасының құрылыс жұмыстарын тексерді. Сала мамандарына құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Манкент ауылындағы дәрігерлік-амбулатория жұмысымен танысты. Қазір медициналық мекеме жаңа ғимарат құрылысын қажет етеді. Бұл ретте ғимарат құрылысына Манкент ауыл округі әкімшілігі тарапынан Жалал ата көшесі бойынан 1,0 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделген. Қазір СЖТ құжаты Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған. Аталған жұмыстар жалғасын табады.
– Сайрам аудандық ауруханасына да соңғы он жылдықта күрделі жөндеу жүргізілмеген. Оннан астам нысанды қамтитын ауруханаға күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Аудандағы әлеуметтік нысандарды ретке келтіру мәселесін мұқият бақылауда ұстаймыз, – деген Бейсен Тәжібаев аудан орталығында тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.
Қордаланған мәселелердің біразы мектеп тапшылығы, білім нысандарына жөндеу жүргізу, жаңа емхана мен кітапхана соғуды қамтыды. Мәселен, 55 жылдық тарихы бар аудандық орталық кітапхана 2011 жылдан соң жөндеу көрмеген. Кітап қорын сақтайтын қойма орындары да жетіспейді. Мәселені шешудің екі жолы қарастырылуда. Жаңа кітапхана құрылысын бастау немесе басқа ғимаратқа ауыстыру ұсыныстары бар. Қабылдауда өзге де жергілікті деңгейде шешілетін сұрақтар қаралды. Заң аясында жауаптары жолданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ерекше балаларға қамқорлық көрсетті

ҚР Журналисттер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист, ақын Ғалымжан Елшібайдың бастамасымен ерекше балалардың шығармашылығын...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМВ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМ

В Туркестанской области по поручению главы региона проведена работа по изучению полигонов твердых бытовых отходов. Составлен план мероприятий, даны...

Жасампаз жастар — жарқын болашақ!

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге...

Халық қалаулысы “Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында көптеген шаралар өткізген

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім...

«Ғажайып бақ» атты тұрғындарға арналып демалыс орны мен бақша құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

Арыс шаһарының өндірістік және транзиттік мүмкіндігі жоғары

АРЫСТА ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР БАР?Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арыстықтармен кездесті. Елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өңірді, ауданды дамыту бағытындағы...

Өнермен өрістес әже

Сәулегүл Қалымбетова жастайынан өнерге бейім болып өседі. Той-томалақтарда ән салып, той бастап жүріп, ел ішінде «әнші қыз» атанады. Әкесі...

Тағы да