Вторник, 21 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ТИІС

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Кентау қаласын дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру керек. Әсіресе, шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру – уақыт талабы. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентауға іссапармен барып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәжіліс өткізді. Жауапты басшылардың баяндамалары мен есептерін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.
– Алдынғы кездесуде «Кентау-Сервис» кәсіпорнының кредиторлық берешегін азайту бойынша тапсырма бергенмін. Бірақ, берешек азаюдың орнына артып отыр. Сонымен қатар дебиторлық берешек бойынша да жұмыс атқарылмаған. Биыл 9 айдың қорытындысымен Кентау қаласы бойынша 15 көрсеткіштің 3-еуі орындалмаған. Жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қосып, жұмыстарды жеке бақылауға алыңыз. Инфрақұрылымды жақсарту – қаладағы ең өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын үйлердің келбетін ретке келтіруге, жолдарды жөндеуге қаражат бөлінуде. Бірақ жұмыстардың сапасы төмен деңгейде. Қазір Кентау қаласында барит концентратын өндіру зауытын салу бойынша инвестициялық жоба пысықталуда. Жобаның құны 14,5 млрд. теңгені құрайды. Бірақ бір ғана ірі жобамен шектелмей, жұмыстарды жалғастыру керек. Қалада сүт өнімдерін өндіруге, жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеуге мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты, аталған бағыттарда жұмысты күшейту қажет, – деген Дархан Сатыбалды өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстар басты назарда болуы тиіс екенін, Қытай сапарынан нәтиже шығару керектігін жеткізді.
– Қаланың инвестициялық климатын жақсарту керек. Бұл үшін барлық ресурс бар. Атап айтқанда, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар ашылған. Бірақ өз тиімділігін көрсете алмады. Осыған орай, арнайы іс-шара жоспарын әзірлеп, әр жоба бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, инвесторларды тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру керек. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге басты назар аударыңыз. Кентау қаласына қарасты ауылды елді мекендерде ауыл шаруашылығын дамыту керек. Бұл бағыттағы жұмыстар назардан тыс қалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін жыл қорытындысымен 11,3 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта тек 9,7 млрд. теңгеге орындалған. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға басты назар аудару қажет, – деді облыс әкімі.
Мәжілісте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов атқарылған жұмыстар мен алдағы жобалар туралы есеп берді.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Кентау қаласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Кентау қаласында өнеркәсіп саласында 32,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, жоспар 400 млн. теңгеге орындалмаған. Өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 28,2 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығында 1,6 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аздап төмендеген. Кентау қаласы бойынша кірістер жоспары 2,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланып, нақты түскені 2,3 млрд. теңгені құрады.
Облыс басшысы қала әкімі мен жауапты басқармаларға индустриалды аймақтарды дамыту, зауыттар ашу, білім саласындағы түйткілдерді шешу, санитарлық тазалықты жақсарту және өзге де мәселелерді реттеу бойынша тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Түлкібаста тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны жарияланды

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық...

Жастар- татулықтың тұмары

Еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы ұлтаралық достық пен бірлік, ең алдымен, елімізде дұрыс жүргізіліп отырған саясат пен қазақ...

Түркістандық жастар арасында патриоттық ән байқауы өтті

Түркістанда колледж студенттері арасында ән байқауы өтті. Патриоттық әндер шырқалды. Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқау шарты бойынша қатысушылар...

Жастық шақтағы уақытты тиімді пайланып жүрсің бе?

Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақ. Нақтырақ айтсақ, 14 жас бозбала кезінен 30 жас жігіттік шаққа дейінгі кезеңді...

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн

«Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, Адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық...

All the Celebrity Sightings at New York Fashion Week

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да