Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10 тұрғын жазылған. Олар түрлі бағыттағы ұсыныстары мен өтініштерін айтты. Өңір басшысы әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Тұрғындардың бірқатары еңбек заңдылығының сақталмауына, құқықтарының бұзылғанына байланысты шағымданған. Сонымен бірге жұмысқа орналастыру жөнінде өтініштер тыңдалды. Мәселен, Түркістандағы бір мектеп пен балабақшада осындай еңбек даулары тіркелген. Құрылыс компаниясынан айлығын ала алмай жүрген жұмысшының да өтініші назарға алынды. Сонымен бірге балабақшадағы азық-түлік сапасына қатысты да шағым айтылды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына аталған түйткілдерді зерделеуді ұсынды. Құқық қорғау органдары басшыларына да нақты ұсыныстар берілді.
Жеке қабылдауда Ордабасы, Сауран аудандарындағы жер мәселелері, Созақтағы мал ұрлығы, Бәйдібектегі мектепті күрделі жөндеу, каналды тазалау, Төлеби ауданындағы апатты жағдайдағы мектепті жаңарту, көпірді жөндеу, Түркістан қаласында студенттер компусын салуға жер телімін беру ұсынысы да айтылып, хаттамаға енгізілді.
– Әкімдік тарапынан әрбір өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі. Құқық қорғау органдары да өздеріне қатысты мәселелерді назарға алғаны жөн. Мектеп, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты өтініштер заң шеңберінде зерделеніп, тиісті шешім қабылданады. Әрбір тұрғынның өтініші мен ұснысы маңызды, – деген Дархан Сатыбалды басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдырып, жазыла алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Gadget Ogling: Amazon on Fire, Virtual Reality, True Nature and Energy Relief

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іс-сапары барысында бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты. Индустриалды аймақты кеңейту, дамыту жолдарын...

Келесте 13 577 балаға бір реттік ыстық тамақ берілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биыл барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды. Сол қатарда...

Тұрғындарды газбен қамту мәселесі бақылауда

Д. Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек». Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Облыс әкімі...

Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы кәсіпкердің құжаттарын уақтылы рәсімдеуге кедергі келтірген

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі "Аңсай" кен орнында барит өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін...

Бизнесіңізді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен дамытыңыз!

https://www.youtube.com/watch?v=ua1AqG0jW4o Бизнесіңізді "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасымен дамытыңыз! "Қарапайым заттар экономикасы" мемлееттік бағдарламасы отандық тауар өндірушілерге несиесінің сыйақы мөлшерлемесін азайтуға және кепілзат...

Жаһандағы гендерлік алшақтық

Гендерлік алшақтық мәселесін көтергенде әйелдер мен ерлердің қоғамның барлық саласына қатысу үлесі мен деңгейін айтамыз. 2006 жылдан бері Дүниежүзілік...

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты. Спикердің сөзінше,...

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді

1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық...

Тағы да