Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жаһандағы гендерлік алшақтық

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Гендерлік алшақтық мәселесін көтергенде әйелдер мен ерлердің қоғамның барлық саласына қатысу үлесі мен деңгейін айтамыз. 2006 жылдан бері Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын 146 елді қамтитын «Жаһандық гендерлік алшақтық» есебін жариялайды. Бұл индекс 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшенеді және көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым гендерлік теңсіздік жоғары. Қазіргі қарқынмен әлем бойынша көрсеткіштерді толық теңестіру үшін тағы 131 жыл қажет болса, әйелдердің саясатқа қатысу деңгейін ерлермен теңестіру үшін әлі 162 жыл қажет.

Көп елде гендерлік алшақтықты жою бойынша прогресс тоқтап қал­ды. 2022 және 2023 жылғы есепте қам­тылған 145 елдің тек 30-ында ғана ген­дерлік ассиметрия кем дегенде 1%-ға қысқарған. 57 ел гендерлік тең­сіздікті 1%-дан аз қысқартып, сәл ғана прогресс жасады. Гендерлік па­ритет 2023 жылы 35 елде 1%-дан артық төмендеді (2022 жылы 12 елде қысқарған еді).

2023 жылы жаһандық гендер­лік алшақтықты еңсеру 68,4%-ды құра­ды, бұл өткен жылдың көрсеткіші­нен 0,3%-ға ғана жоғары. Жалпы, жа­һандық гендерлік теңдік көрсеткіші пандемияға дейінгі деңгейге қайта қалпына келгенімен, оның нығаю қарқыны едәуір деңгейде бәсеңдеді.

Қазақстанды қарастыратын бол­сақ, еліміз рейтингте 2022 жылғы 65-орыннан 2023 жылы 62-орынға көтерілді. Еліміз білім деңгейі – 27, денсаулық және өмір сүру – 47, экономикалық белсенділік пен мүмкіндіктерге қолжетімділік бо­йын­ша 28-орынды иеленіп, әйелдер­дің саяси құқықтарын кеңейту бойын­ша рейтингте 100-орынды алып әлем бойынша төмен деңгейде. Расын­да да, еліміз министр лауазымындағы әйелдердің саны бойынша 120-орында.

Дүниежүзілік экономикалық фо­рум зерттеушілері мемлекеттердің гендерлік әділеттілігін бағалау үрдісін төрт өлшем бойынша жүргізеді:

  • білім деңгейі
  • денсаулық және өмір сүру көрсет­кіші
  • экономикалық белсенділік пен мүмкіндіктерге қолжетімділік
  • саяси құқықтарды кеңейту.

2023 жылы ешбір ел әлі толық гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізе алмаса да, 9 жетекші мемлекет (Ис­лан­дия, Норвегия, Финляндия, Жаңа Зеландия, Швеция, Германия, Ника­рагуа, Намибия және Литва) айыр­машылықты кем дегенде 80%-ға қысқартты. Гендерлік теңдіктің 90%-дан астамын 14 жыл бойына еңсе­ріп келе жатқан жалғыз мемлекет – Исландия (91,2%).

Мемлекет атауы Рейтингтегі

орны

2021 2022 2023
Исландия 1 1 1
Норвегия 4 4 2
Финляндия 2 2 3
Қазақстан 80 65 62
Украина 74 81 66
Моңғолия 69 70 80
Қырғызстан 108 86 84
Әзербайжан 100 101 97
Қытай 107 102 107
Тәжікстан 125 114 111
Түркия 133 124 129
Ауғанстан 156 146 146
Ресей Федерациясы 81

(Жаһандық гендерлік алшақтық есебі­нің 2021-2023 жылдардағы рейтингін салыстыру)

Биылғы есептің ерек­ше­лігі – ай­мақ­тар арасында гендер­лік тең­дік бойынша өткен жылы рей­тинг ба­сында болған Солтүстік Амери­каның гендерлік алшақтығы 1,9%-ға төмендеп (2022 – 76,9%, 2023 – 75%), биыл Еуропа 76,3%-бен бұл көрсеткіш бойынша 1-орын­ға көтерілді. Сарапшылар осы бет­алыспен Еуропа 67 жыл ішін­де то­лық гендерлік теңдікке қол жет­кізеді деп болжап отыр. Ал бұл ме­жеге жету үшін АҚШ-қа 95 жыл қажет. Ал 3-орында Латын Амери­касы мен Кариб теңізі елдері тұр.

Еуразия және Орталық Азия ай­мағында гендерлік алшақтықты қысқартудағы жалпы прогресс сол қалпында қалып, 69% деңгейінде. Осы қарқынмен теңсіздікті жою үшін аймаққа 167 жыл қажет болады. Молдова, Беларусь және Армения аймақ бойынша рейтинг басын­да болса, Әзербайжан, Тәжікстан соңында.

Әйелдердің саяси құқықтары мен елді басқару ісіне араласу деңгейі өлшемі бойынша аймақтар рейтингі
1 Еуропа 39,1%
2 Латын Америкасы және Кариб елдері 35%
3 Солтүстік Америка 26,1%
4 Оңтүстік Азия 25%
5 Суб-Сахаралық Африка 22,6%
6 Шығыс Азия және Тынық мұхиты елдері 14%
7 Таяу Шығыс және Сол­түстік Африка елдері 14%
8 Еуразия және Орталық Азия елдері 10,9%

Ғаламдық еңбек нарығындағы ген­дерлік теңдік – қазіргі таңда алаң­даушылық туғызатын ең үл­кен проблема. Бұл бағыттағы көр­сеткіштер соңғы жылдары тұрақ­ты түрде төмендеп, теңсіздік пен ал­шақ­тық ұлғаюда. Мәселен, болашақ­та сұранысқа ие болатын мамандық­тар саласындағы әйелдердің үлесі ­де көңіл көншітпейді. Бүгінде STEM, яғни ғылым, технология, инженерия, математика бағытында еңбек етуші әйелдердің көрсеткіші – 29,2%, ал жасанды интеллект саласында – 30%-ды құрайды.

Көшбасшылық қызметтегі әйел­дердің көрсеткіші әлі де төмен дең­гейде. 2022 жылғы дерекке сәй­кес, дүниежүзі халқының 27,9%-ы немесе 2,12 млрд адам мемлекетті әйел адам басқаратын елдерде тұ­рады. Осы индикатор бойынша бай­қалатын жағымды трендтердің бірі – парламенттегі әйелдер үлесінің артуы. Әлемнің 18 елінде, оның ішінде Боливияда, Үндістанда, Фран­цияда жергілікті басқару жүйесіндегі әйелдердің үлесі 40%-дан асты.

Алайда LinkedIn компаниясы­ның 163 елді қамтыған зерт­теуі­не сәйкес барлық өндіріс сала­ла­рын­дағы әйелдердің еңбек етуі мен бас­шылық көрсеткіші үздіксіз тө­мен­деуде. Зерттеу көрсеткендей 2023 жы­лы жалпы жұмыс күшінің жар­ты­сына жуығын әйелдер құра­ға­ны­мен, басшылық деңгейдегі әйел қыз­меткерлердің үлесі қызмет­кер­лердің үштен бірін ғана құрайды.

Жалпы, мемлекеттің тұрақты және сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін әйелдерді саяси шешімдерді қабылдауға кеңінен тарту аса ма­ңызды. Бірнеше зерттеулер көр­сет­кендей, әйелдер саясатқа және елді басқаруға неғұрлым белсенді қа­тысқан сайын, соғұрлым ел бей­біт­шілікті нығайтуға бағытталған ше­шімдер қабылдап, тұрақты эко­номикалық даму бағытын ұстанады. Оның бір айғағы – Исландия және Скандинавия елдері. Исландия жыл сайынғы Жаһандағы бейбітшілік индексі және Жаһандық гендерлік алшақтық есебі бойынша 15 жыл бойына 1-орынды алып келеді. Сөзсіз елдің гендерлік теңдігі мен тұрақты дамуы арасында қатаң корреляция бар. Сондықтан қоғамның барлық саласында гендерлік теңдікке ұмты­лу жай ғана философиялық немесе этикалық мәселе ғана емес, ол ең алдымен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму саясатының кезек күттірмейтін және ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Қорытындылай келе, «Жаһандық ген­дерлік алшақтық» есебі әйел мен ерлер арасындағы гендерлік тең­дікке қатысты мәселелер мен жа­hандық деңгейдегі статистикалық мәлі­меттерді жариялайтын маңызды зерт­теу. Аталған есеп ғалымдар мен салаға қызығушы мамандар, жалпы оқырман қауымға арналып, ғылыми талдамалық зерттеулерде қажетті көмекші құрал бола алады.

Айнұр АБАЙҚЫЗЫ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы,

саяси ғылымдар кандидаты

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАУЫС ҚҰСЫ ӨСІРІЛУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Искендер Павлиев үй жағдайында тауыс құсын өсірумен айналысуда. Шаруа павлин...

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll –...

Түркістан облысында алты тілді білетін мектеп мұғалімі ауыл балаларын оқытып жүр

Келес ауданында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Бахадырова еуропалық білімнің инновацияланған түрін ауыл балаларына үйретіп жүр. Ол Испанияның Кадис...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 38 елді мекенінде 24 сағат ауыз су...

ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ»

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ» Деде Коркыт, поставщик и общее наследие многовековой культурной самобытности...

Түлкібастың тұғырлы тумалары жастармен кездесті

Түлкібастың тұғырлы тумалары. Дәл осы тақырыпта көрнекті ғалым, абайтанушы, бауыржантанушы, бірнеше ғылыми кітаптардың авторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметұлы...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда 200 бүлдіршін күй тартты

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жетісай» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесіне...

«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілері табиғатты аялайды

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны...

Түркістан облысында үздік дәрігерлерді анықтау байқауы ұйымдастырылды

  М. Егізбаев атында конкурс өтетін болады. Жүрегі елмен егіз Егізбаев! Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы алып тұлғаны еске алу...

Тағы да