Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: МАҚТАШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының Жетісай ауданы Жаңа ауыл, Жылы су ауылдық округтерінде өткен кездесулерде айтылды.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысқан жиында шаруалар талап-тілектерін ортаға салып, мемлекеттік субсидия мен жеңілдетілген несие беру, мақта өсіріп, оны терең өңдеуге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, ауыл шаруашылығын саласын дамытуға нақты қадамдар жасау мәселелерін ортаға салды.
— Түркістан облысы мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Бұл тұста Үкімет тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Жергілікті атқарушы билік органдары үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды.Біздің өңірімізде өндірісті дамытудағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өңірлік бағдарламаларды қабылдау, осы бағыттағы жұмыстарға күш салу, жеңіл өнеркәсіпті арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие, — деді Ермек Кенжеханұлы.
Сондай-ақ кездесулерде жылына 300 мың тоннадан астам мақта өндіретін өңірде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан мақта талшығының бағасы халықаралық Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді екендігі, мақта кластерін дамыту үшін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында тоқыма тігін фабрикаларын ашу керектігі айтылды.
Айтылған ұсыныстарға байланысты мақтаны сатып алушы трейдер компаниялардың былтырғы мақтаны әлі де толықтай сата алмағандығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізген жұмысшы топ өкілдері заңдылықтарын түсіндірді.
Шаруалар тарапынан мақта кластерін дамыту, өнім сапасын арттыру бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді, көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп,...

Президент сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталды

      Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстанда Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кеше...

Аудн әкімі Отбасы күнімен құттықтады

15-мамырда бүкіл әлем жұртшылығы 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен бекітілген Халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Бұл күнді белгілеу...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» білім іздеген жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Шілденің 13-нен бері «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі 18 ЖОО-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қ.А. Ясауи атындағы...

САЙРАМ: Бақытты балалар — бейбіт елдің тірегі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

ТҮРКІСТАН: Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты...

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

Тағы да