Вторник, 21 апреля, 2026

Түлкібаста «Ер есімі — ел есінде» атты патриоттық жиыны өткізілді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қай дәуір, қай кезең болмасын артынан артынан өшпестей із қалдыратын тау тұлғалар болады. Сондай азаматтың бірі – Алмас Мақсұтұлы Тоғызбаев. Керейт ауылында дүниеге келген арда азамат орта мектепті тәмамдаған соң, әскер қатарына алынып, Латвия республикасында әуе-десант әскери күштерінің құрамында болды. Сол жылдары Таулы Карабах шиеленіс соғысқа қатысып, ерліктің ерен үлгісін көрсете білді.

1990 жылы туған жерге оралып, ұстазы әрі жетекшісі Исахов Шаймерденнің ұсынысымен Шымкент дене тәрбиесі техникумына оқуға түседі. Жастайынан спортқа құмар Алмас Мақсұтұлы студент кезінде облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанады. 1992 жылы оқу орнын үздік аяқтап, өзі туған ауылындағы Киров, қазіргі Ордабай Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне кіріседі. Қаншама шәкірттері аудандық спартакияда жүлделі орынға ие болды. Өзі де мұғалімдер арасында өткізілген аудандық турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Бұдан да үлкен жетістікке ие болар ма еді, жасын ғұмыр құйрықты жұлдыздай ағып түсті. Артында жары, бес перзенті қалды.

Ерлік ешқашан ескерусіз қалмайды. Таулы Карабақ соғысында ерлік көрсеткен Алмас Тоғызбаевқа өзі оқыған, қызмет атқарған Ордабай Ағыбайұлы жалпы орта мектебінде ескерткіш тақта орнатылды. Ерлердің есімін ардақтау мақсатында 20 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде аудандық көлемде ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан, облыстан жауынгер ағалар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алмас Мақсұтұлының бауырлары келді. Естеліктерін айтты. Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алдыға жылжыған сайын жасаған ерліктің шоқтығы биіктей бермек.

Мұнан кейін ауылдық мәдениет үйінде «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы салтанатты жиынға ұласты. Тоғызбаевтар әулетінің және Ордабай Ағыбайұлы жалпы орта мектебінің ұйытқы болуымен мешітте Алмас Тоғызбаевқа, Таулы Карабақ ұрыс – қимылдары құрбандарына арнап құран бағышталып, ас берілді.

Жаңалықтар тізбесі

  МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" негізінде бизнес-идеяларды іске асыруға...

Жүрегіңе құлақ түр..

Адам ұрпағымен бақытты. Ал, бақыттың бастауы – адалдық, еңбек, ар-ождан. Өз отбасында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді. Сондықтан адам...

Жан жылуын сыйлаған

Ауыл тұрғындарының ықыласына бөленіп жүрген медбикелердің бірі – Қазығұрт ауданына қарасты Қ.Әбдалиев ауылдық округінің Қыдырмәмбет елді  мекеніндегі «Қазығұрт» фельдшерлік-акушерлік...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1030 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТАДИОН АШЫЛЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

  Бүгін Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел...

«Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді

Жақында Қарағанды қаласында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» тақырыбында халықаралық форум өтті....

8-Наурыз мерекесі құтты болсын!

№18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нәзік жанды арулары құрметке бөленді. Мереке қарсаңында мектеп ұжымының ер азаматтары арнайы...

Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтуде. Алматы облысының туризм индустриясы...

Түркістан облысының дәрігерлері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Балаларды қорғау күні мерекесі күнінде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен...

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022-2023...

Тағы да