Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жетісайда «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты семинар-кеңес өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Салауатты болашақ» жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында аудандық семинар-кеңес болып өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков модераторлық еткен кеңесте балалардың өмір қауіпсіздігі туралы мәселені талқылау, ата-аналардың бала өмірінің қауіпсіздігіне және болашағына байланысты міндеттерін күшейту, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, өзіне-өзі қол жұмсаудың (суицид) алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бір-біріне деген қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Нұрхан Аштархан, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Марат Кадырқұлов, облыстық бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Гулжан Вероцкая мен Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асқар Татеев пен ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде ведомствоаралық топ мүшесі Бекмырза Абдурахманов, барлық мектеп директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары қатысты.

Түркістан облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі, психология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Вероцкаяның физикалық, психологиялық, эмоциналдық зорлық-зомбылықтарды анықтау және алдын алу туралы жан-жақты зерттеулер жүргізген баяндамасы оқылды. Семинар соңында кері байланыс орнатылып пікірлер мен ұсыныстар айтылды. «Бейбіт елде әр бала бақытты болуға, қауіпсіз ортада өсуге, дамуға, өмір сүруге құқығы бар» деген қорытынды жасалды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Спорт — денсаулық кепілі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру...

Келестік оқушы заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде

№60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын...

Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году»

  Стамбул был включен в список Travel + Leisure (T+L) «50 лучших мест для путешествий в 2024 году» и стал...

Отанды қорғау- борышты іс

Сарбаздар жауынгерлік тумен қоштасты. Сарбаздар сап түзеді. Механикаландырылған бригаданың саптық алаңында жауынгерлік тумен қоштасу үшін 130-дан астам сарбаз жиналды. ...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарыағаш қаласы, Созақ көшесіндегі, Кескент каналының үстінен өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Шараға...

Қазыналы қарттарды құттықтады

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»,- дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет,...

«Build stroy» ЖШС-нің демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМВ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМ

В Туркестанской области по поручению главы региона проведена работа по изучению полигонов твердых бытовых отходов. Составлен план мероприятий, даны...

Жастарға тарихтан өнеге көп

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның...

Тағы да