Понедельник, 20 апреля, 2026

Мақтааралда жастар форумы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Мақтаарал ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі жастар — қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы болып өтті.

«Мақтаарал» агроколледжінде өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров, ауданның прокуроры м.а. Саят Бекмұратов, ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев пен аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері, аудан жастары мен ұстаздар, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Еркін форматта өткен форум барысында аудан әкімі Б.Асанов жасөспірімдер, жастар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа, кемсітушілікке жол бермеу, әлеуметтік желі арқылы буллинг жасамау, адамның қадір-қасиетіне тиіспеу, мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып сапалы білім алу, жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзінің пікірлерін айтып, жастарға ұсыныс тастады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров пен ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев та жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Форум барысында ұрпақтар сабақтастығы мен ұлт тәрбиесі жайында ардагерлер мен аға ұрпақ сөз сөйлеп, өздерінің өмірлік ақыл-кеңестерін берді.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Елдің сенімін ақтап жүрген халық қалаулысы

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Қазақстандағы адам саудасы жағдайы қандай?

Адам саудасы - ақша айналымы үлкен заңсыз бизнес. Мұның басында тұрғандар өз "ісін" барынша сақтап қалуға тырысады. Қазақстанда да...

Балаева: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр»

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі өршіп кеткен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. «Қазіргі кезде біз үшін...

Тұрғын үй мәселесі партия бақылауында

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды

Түркістанда «кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды Шағын және орта бизнес – көптеген дамыған...

Жастар- қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы.

Азаматтық тәрбиенің қоғамдық мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтармен қатар қоғамдық мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ТИІС

Кентау қаласын дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру керек. Әсіресе, шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру – уақыт талабы....

Жастар тәрбиесі — ұлт болашағының кепілі

Қазағымыздың дана сөздерінде  «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» деп айтқан. Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр...

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы...

Тағы да