Понедельник, 20 апреля, 2026

Жүрегіңе құлақ түр..

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Адам ұрпағымен бақытты. Ал, бақыттың бастауы – адалдық, еңбек, ар-ождан. Өз отбасында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді. Сондықтан адам бақытты қажымай-талмай еңбектен іздеу керек. Отбасында адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік салтанат құратын болса, ол баланың жүрегіне ізгіліктің дәнін себеді. Қазақ баласын мейірімділікке, имандылыққа, шыншылдыққа баулып өсірген. Отбасыда осындай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен адал, тиянақты, ұқыпты болып өсіп, жетіледі.

Әрине, адамның жүріп өткен жолы ылғи тақтайдай тегіс бола бермейді, бір жерде сүрінесің, бір жерде кедергілерді айналып өтуге тура келеді. Мұндайда адамда сабыр, шыдам, ісіне адалдық және сенім болуы керек. Сонда ғана кез келген  қиындықтан, үлкен абыроймен шыға алады. Өмірде шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла! Жүрегіңе құлақ түрде, соны тыңда! «Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады» дегендей, тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Кез келген ата-ана перзентін дүниедегі барлық асылдан да жоғары бағалайды. Болашағынан зор үміт күтіп, сеніммен қарайды. Ал, бала жақсы болса, ата-ананың  абыройы.

«Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық  үшін жи» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз айтқандай, бақыттың өзі адалдыққа негізделеді. «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген сөз бар. Алдымен керегі – ар, одан кейінгі керегі – жан, ал, мал осылар үшін садаға, ол тек аш қалмау үшін ғана керек. Дүниеге қызығып, жеңіл жолды оң көріп, жүректі былғап алмайық. Ғұмырымызда үнемі адамшылдыққа ұмтылып, адамға ортақ іс қалдыруды, ізгілікке аяқ басуды үйренейік. Адам өзіне бір ғана рет берілген ғұмырын қор қылмай, тек орынды әрекетпен, адамшылдыққа сай өмір сүрсе, еліміз өркендеп, мемлекетіміздің көркейетіні сөзсіз.

Мемлекетіміздің іргетасын қалайтын  бүгінде жас буын ең алдымен отбасылық бақытты сезінуі,  одан кейін үлкен өмірге қанат қаққанда мемлекеттік идеологиямен қаруланып, болаттай шыңдалуы тиіс. Мемлекетіміздің дамуына қомақты үлес қосатын, білімді де білгір, ақылды да зерек, өзгелермен терезесі тең дәрежеде сөйлесе алатын осындай азаматты тәрбиелеу – әр шаңырақтың, қоғамның парызы һәм міндеті. Мұнда ұлттық құндылықтарды басты шарт етіп алудың мәні зор. Ұлтымыздың нұрлы болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Сондықтан да ізгілікті өмірің ізіңді жалғайды.

Гуля ТАЙТЕЛИЕВА, 

 «Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық 

бірлестігінің төрайымы.

Жаңалықтар тізбесі

Жүрегіңе құлақ түр..

Адам ұрпағымен бақытты. Ал, бақыттың бастауы – адалдық, еңбек, ар-ождан. Өз отбасында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді. Сондықтан адам...

Түркия: Автобус қызметтері мен жолаушылар саны артқан

Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ. Індеттен кейін көрсеткіштер өсті Түркияда...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

Биыл 16 мың қандас тарихи Отанына оралды

Еліміз өз алдына тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап өзге жұрттағы қандастарымыз атамекендеріне орала бастады. Кезінде тағдырдың теперішімен туған топырағынан...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Жетісайда «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты семинар-кеңес өтті

Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Салауатты болашақ» жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында аудандық семинар-кеңес болып...

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ

Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» жобасының түлектері алғашқы қадамдары сәтті басталып, өз кәсіптерін ашты. Бірлескен идея нәтижесінде құрылған «Ariana» сұлулық...

Тағы да