
21-24 қыркүйекте Алматы қаласында «ADD» үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) Әлем чемпионаты басталды.
Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия сынды 16 елден ойыншылар қатысады. Әлем чемпионаты рапид және блиц түрлері бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.
Чемпионаттың ресми ашылуы бүгін Алматы қаласында өтіп жатыр. Алдағы төрт күн бойы жас тоғызқұмалақшылар өзара мықтыны анықтамақ.
Ернұр Мерешев, тоғызқұмалақтан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы:
— Алдында іріктеу болған. Іріктеуден өтіп барып Қазақстан намысын қорғайды осы әлем чемпионатында. Жарысымыз бізде бүгін, ертең рапид түрінен өтеді. Қалған екі күн бізде блиц түрінен өтеді. Жалпы жарысымыз төрт күнге созылады.
Назарларыңызға рапид бойынша жарыстың қорытындылары:
U-15-Ұлдар
- Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан)
- Зауытбек Орманы (Қазақстан)
- Нұрел Сұлташев (Қырғызстан)
- Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)
U-15-Қыздар
- Айдана Молдабек (Қазақстан)
- Бахиана Тұрғыналиева (Қырғызстан)
- Еркежан Асанқұлова (Қазақстан)
- Мадина Есқайыр (Қазақстан)
U-17-Ұлдар
- Ернұр Батыр (Қазақстан)
- Надир Ахметов (Қазақстан)
- Бейімбет Сейдахметов (Қырғызстан)
- Алехандро Даниэль Хирон Чилита (Колумбия)
U-17-Қыздар
- Аяна Исахан (Қазақстан)
- Балнұр Тілегенова (Қазақстан)
- Айана Тұрғаналиева (Қырғызстан)
- Александра Жаворонкова Амиго (Испания)
