Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық делегация Аққулы аудандық ауруханасына барды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Павлодар облысына қоныс аударғандардың жағдайымен танысып жүрген жұмысшы топ Аққулы аудандық ауруханасына барып, жағдайымен танысты. Онда қоныс аударып келген 4 маманның үшеуі Түркістан облысынан.

Соның бірі — терапевт Лиза Мұрат. Дәрігер өз отбасымен 2019 жылы Түркістан қаласынан көшіп келген. Күйеуі Қобыланды Шінәсіл аудандық өнер мектебінде ақындық үйірмесін жүргізеді. Одан бөлек, ақын жігіт есігінің алдында көлік жөндейтін станция ашқан. Кейін ол ғимаратты дүкен ретінде пайдалануға бел буған. Алдағы уақытта қосымша наубайхана ашуды жоспарлап отыр.

Отбасының айтуынша, бұл жерге қоныс аударған кезде ешқандай қиындықтар болмаған. Квотаны уақытылы алып, жас маман ретінде баспанаға да қол жеткізген.

– Оңтүстіктен Солтүстікке көшу бағдарламасы арқылы Түркістан қаласынан келгенбіз. Түркістаннан келгендер де бар. Олармен хабарласып тұрамыз. Бұрындары жас мамандарға ғана үй беретін еді, ал қазір көшіп келген отбасыға беріледі. Сондай-ақ, 6 млн теңгеге үй алатын болса, жартысы мемлекет тарапынан беріледі. Мамандықтары бойынша да жұмысқа орналастырады. Біздің кезімізде квота 75 мың болатын. Ал қазір қаржысы қомақты, — деді Лиза Мұрат.

Сонымен қатар, жетісайлық Ержан Палванов та осы аурухана қызметкері. Жас фельдшер қабылдау бөлімінде.

– Жетісайдан арнайы бағдарлама арқылы қоныс аудардық. Үй алдым. Жұмысқа тұрдым. Фельдшер мамандығын оқығанмын. Бүгін алғашқы жұмыс күнім. Бағдарлама туралы Шаға ауылындағы нағашы апамның үйіне қонаққа барғанда естідік. Отбасым, бала-шағам, ата-анаммен бірге көшіп келдік. Жақында бөлем мен нағашы қарындасым келгелі жатыр. Бұған дейін Астанада жұмыс істедім. Ол жақта үй алу қиын болды, — дейді Ержан Палванов.

Аудандық аурухана қызметкері Нафиса Маметова да Түркістан облысынан. Гинеколог маманның қызметіне жергілікті жұрт дән риза. Нафисаның күйеуі Дилшат Джунаевты аққулықтар самса, палау, кәуап және кондитерлік өнім пісіретін кәсіпкер ретінде жақсы таниды. Бұл отбасының солтүстікке қоныс аударуына себеп — үлкен ұлы. Павлодарда лицейде оқитын баласына жақын тұруды ниеттенген ата-ана бүгін көшіп келгеніне дән риза.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ТИІС

Кентау қаласын дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру керек. Әсіресе, шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру – уақыт талабы....

Сен оралман емессің, бауырымсың!

Олардың туған Отанына оралған күннен бастап азан шақырып қойған есімі ұмытылды. «Оралман» деген атауға ие болды. Сол «оралмандардың» біразы...

Азиз Абдухакимов: «Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет»

Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының...

Халық саны қалада өсіп жатыр – демограф

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Соңғы 10 жылда еліміздегі халықтың саны 16,9%-ға өскен. Жалпы халық санының өсімі қалай...

Түркияда өткен жаһандық медиа форум

Жуырда Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған бір топ журналистер Түркияға барды. Олар Аланья қаласында өткен Жаһандық журналистер...

Түркістандық делегация Солтүстік Қазақстанда

Түркістандық жұмысшы топ бүгін күнгей өңірден Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты. Түлкібастық Нұрлыбек...

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда!

Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі...

Адам саудасы тыйылмай тұр

Адам саудасына қатысты елімізде жылына шамамен 100-ден астам қылмыс тіркеледі екен. Биыл 4 айда адам саудасы бойынша 30-ға жуық...

Колледждерде білім сапасы қандай?

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер...

Тағы да