Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және отбасын қолдау және дағдарыс орталықтарының мәселелері қаралды.

Түркістан облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дінмұхаммет Әбдіқадірұлы комиссияның алдағы жоспарлары бойынша баяндады.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев Нұрсұлтан ана мен бала өлімінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы баяндады.

Соңғы жылдары облыс бойынша ажырасу және некесіз бала туу деректері көбейіп жатыр. Отбасы құндылықтарын дәріптеу маңызды мәселеге айналған.

Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданды. Күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді. Осыған байланысты отбасы және әйелдер істері демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру үшін аудан, қала әкімдеріне ұсыныстар дайындалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды. Облыс көлемінде демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 57 429 бала дүние келсе, биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша 26 706 бала дүниеге келген. Түркістан облысында алтын мен күмістен алқа таққан аналар саны жыл санап артып келеді. Қазір таңда облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде, 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА ДЕДЕ КОРКУТ

Деде Коркут, носитель и общее наследие многовековой культурной самобытности тюркского мира, отмечается в Байбурте Международным фестивалем культуры и искусства...

Жастармен жарқын кездесу

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Ауыл ақсақалдарының ұйытқы болуымен 300 түп сәнді ағаш көшеттері отырғызылды

Өткен жексенбі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан «Ұлы дала қырандары» аллеясының аумағына аудан ақсақалдарының ұйытқы болуымен 300...

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл...

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған...

Антикор 7 мемлекеттік орган басшысын әкімшілік жазаға тартты

  Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол...

Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі

Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі...

«Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Тағы да