Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Әже — ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазығұрт ауданы «Ардагерлер кеңесі» жанынан 2013 жылы құрылғын «Әжелер алқасы» ұйымының жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толып отыр.

Осыған орай, аудан орталығында «Әже — ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті. Рухани мазмұны мол жиынға Түркістан облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Түркістан облыстық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Ф.Тілеубердиева, облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қуандықов, аудан әкімі А.Исмаилов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер Кеңесі мен аудандық «Әжелер алқасының» мүшелері қатысты.

– Қазақ қоғамында «Әже» атауы қасиетті де қадірлі ұғым. Әже — немерелері үшін қамқоршы, тәлім-тәрбиенің бастауы һәм даналық көзіндей. Тарихқа көз жүгіртіп қарар болсақ, Ұлы Абайдан бастап көптеген тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыз алдымен әже тәрбиесін алып, әжелердің ертегісін тыңдап өскен. Әже тәрбиесі арқылы бойына ұлттық салт-дәстүрдің, өнер-білімнің, әдет-ғұрыптың барлығын сіңіріп, нағыз қазақи мінезбен тәрбиеленген. Бүгінгі күні де, әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәлім мен тәрбиенің бастауы болып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып жүр, — деді аудан әкімі.

Форум барысында ауданның өсіп-өркендеуіне және жастарға тәлім-тәрбие беруге елеулі үлес қосып, салт-дәстүрімізді ел арасында кеңінен насихаттап жүрген бірқатар әжелерге аудан әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қуандықов, аудандық мәслихат депутаты Б.Жамашевтар құрмет көрсетіп, төсбелгілер және арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара соңында әжелер және аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Жетісайда «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты семинар-кеңес өтті

Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Салауатты болашақ» жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында аудандық семинар-кеңес болып...

НҰРЛАН ӘБДІРОВ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1060 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында ең алдымен елдің экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын көтеру керектігін атап өткен болатын. Бұған...

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке...

Мемлекеттік жастар саясаты — тарихтан мағлұмат

Қазақстанда жастар саясатын басқару саласында әртүрлі тәсілдер қолданылды. 1991 жылы құрылған Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік...

Қазақстандықтардың басым бөлігі Түркияда демалғанды қолай көреді

Түркияда ақпанда болған жер сілкінісі Қазақстандағы туроператорлар мен агенттіктердің жұмысына кері әсер еткен жоқ. Жазғы демалысқа жолдама алып қойған...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Адам саудасы алаңдатады

Туғанынан тірідей айырған тағдырына көніп, құлдықтың қамытын киген жәбірленушілердің құқығын қорғау маңызды. Мәселен, пандемия кезінде адам саудасы бойынша тіркелген...

Ішкі миграция – отбасылық мүмкіндіктерге жол ашады

Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда,демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық...

Тағы да