Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалады.

Төле би ауданындағы «Таугүл» лагерінде жаз басталғалы 530 бала демалса, тағы 360 баланы жіберу жоспарда бар. Одан бөлек, бүгінде «Қуаныш» лагерінде тағы 100 бала демалып жатыр.

Аталмыш демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, республикалық деңгейдегі ерікті психологтар мен мамандар балаларға дәріс өтіп жатыр. Түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылып жатыр.

Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріліп, оқушыларға 5 мезгіл тамақ беріледі. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етеді. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер және би кештері ұйымдастырылып отырады.

«Бүгінгі таңда лагерьде балалардың рухани тұрғыда санасын серпілту мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. 5 мезгіл тамақтандыру жолға қойылған. Балалардың жазғы демалысын дұрыс өткізулері – жаңа оқу жылына тың серпін беретіні анық», — дейді Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева.

Одан бөлек, бөлім тарапынан мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьлерде 14 480 оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

«Түркістан аруы-2023» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті. Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына...

Асық ойындарынан сайыс өтті

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» және «Зат» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер: Алия Мырзаева және Роза Нурмуратованың ұйымдастыруымен асық ойындарынан сайыс...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

Рай, где встречаются синий и зеленый: маршрут Гёкова

Поднимая велосипедный опыт на новый уровень, «велосипедная упаковка» является одной из уникальных страстей авантюрных путешественников, ищущих открытий. В этом...

Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аманаттар орындалуда

Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты жігіті Бәйкен Әшірбаев досым туралы жылы лебіздер жазылыпты. Осыған орай біз білетін...

Зорлық-зомбылықтың және жат қылықтардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 22.09. күні, Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы және Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің психолог маманы...

В 2024 году в Стамбуле пройдет глобальная конференция SITE

Общество передового опыта в области поощрительных путешествий (SITE) проведет Глобальную конференцию 2024 года 26-29 февраля 2024 года в Стамбуле....

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары) қоғамдық бақылауды қалай жүзеге асырады?

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабының 1-1-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу және бұл...

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары атанды

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Тағы да