
Сарыағаш қаласы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Кәусар» мейрамханасында арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналып дастархан жайылды.
Іс-шара барысында балаларға арналып әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, ойыншықтар таратылды.
— Баланы қуанта білудің өзі бақыт. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын нағыз кемел ұрпақ. Сондықтан оларға сапалы білім, жақсы тәрбие беру – бізге міндет, — дейді ұйымдастырушылар.
Шара барысында бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Олар игі шараға ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын айтып, көңілді тарқасты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
