
Сарыағаш ауданында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен оқушылардың жазғы демалысы аясында «Балдәурен» лагеріндегі демалушы оқушылар арасында спартакиада өтті.
Спартакиаданың мақсаты — дене шынықтыру мен спортты салауатты өмір салтын насихаттайтын құрал ретінде пайдаланып, аудан оқушыларын спортқа тарту және оқушылар арасында нашақорлықтың кұқық бұзушылықтың алдын алу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жургізу, сонымен қатар спортты оқушылар арасында кеңінен насихаттап, лагердегі демалушы оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Тәрбиелік маңызы зор ойын барысында қатысушылар арқан тартыс, дойбы, қашықтыққа жүгіру, футбол, волейбол сайыстарында ойынға деген аса қызығушылықтары мен өз белсенділіктерін көрсетті.
Аталған спартакиданың қорытындысы бойынша жеңімпаз қатысушылар арнайы дипломдар және медальдармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
