Воскресенье, 19 апреля, 2026

«Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы…»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Иә, хакім Абай атамыз айтқандай, көп қарадомалақтың бірі болып біз де интернатта оқыдық. Әлі есімде, осыдан 56 жыл бұрын, дәлірек айтқанда 1967 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернаттың 5-сыныбына қабылдандым. О баста шопандардың балаларына арнап ашылған оқу ордасында басқа да ауыл еңбеккерлерінің ұл-қыздары білім алады екен. Оны кейін біздің облысымыздың түрлі аймақтарынан, әрісі Өзбекстаннан келіп оқитын балалармен араласа келе біле бастадық. 

Интернаттағы иірімі мен қызығы мол өміріміз басталды. Ә дегенде бір-бірімізді тосырқағанмен, келе-келе үйренісіп кеттік. Күнделікті бірге жүріп-тұру, бірге ұйықтап, ортақ дастарқан басына отыру сияқты тыныс-тіршілігіміз бізді көп ұзамай-ақ бір үйдің баласындай етене жақындастырып жіберді. Сынып жетекшіміз – математик Ғалихан Ищанов ағайымыз еді. Соғысқа қатысқан, бурыл шашты бұл кісі көзімізге ақсақал болып көрінетін. Сонда ол бар-жоғы елудің о жақ, бұ жағында екен ғой. Түрі сұсты ағайымыздан, шынын айтқанда, жасқанушы едік. Бізді барынша қатал ұстады. Ал, енді өз пәніне келгенде жаңғақша шағушы еді, жарықтық!

Бүгінгі заман биігінен өткенге шегініс жасасам, сол тұстағы ұстаздарымыздың осалы болмапты-ау деген ойға берілемін. Жаңа сабақты ерінбестен екі қайтара түсіндіретін қоғамтану пәні мұғалімі Шайман Байсейітов, орысша сөйлеп кетсе, орыстың өзін жаңылдырып, қазақша сөйлесе, бір ауыз орысша білмейтіндей әсер қалдыратын, жүрегі нәзік, көркемөнерге жаны құмар, эстет Махамбет Айтөреев, киіміне қылау түсірмейтін, сабағында тек неміс тілінде сөйлеуді талап ететін Қазанбай Шамаров, биязы мінезді, шешен тілді әдебиетші Жібек Оразова, табиғаты жаңашылдыққа құмар, жастармен бірге жалындап жүретін, мықты физик Әсембек Оңғарбаев, қазақ тілі мен тарихты қатар меңгерген, кейін мектептен кетіп, ғылым жолына түскен Айтбай Айғабылов, бірі тарихшы, бірі географ қос құрбы, тәрбиешілеріміз Гүзел Аташбекова, Күләш Қалжанова, бізді әдебиет пен өнерге үндеген, өзі спортшы әрі ақын Жарылқасын Боранбаев, биолог Фатима Дакишева, әдебиетші Тұяқбай Мұсатаев, физик Сусар Атамбаев сияқты ұстаздарымыз шын мәнінде нағыз өз ісіне берілген жандар еді!

Ал, енді сайдың тасындай іріктелген осындай кіл мықтылар шоғырын қалыптастырып, білім беру мен тәрбие ісін бір бағытқа жұмылдыра білген мектеп директоры Маржан апайымыздың алар орны айрықша екендігін айту парыз. Аталмыш білім ұясын өз қолымен құра отыра, оны қазақ еліндегі іргелі оқу ордасына айналдыруда Маржан Тасованың кадр саясатын көрегендікпен жүргізгендігінен деп білемін. Міне, мектеп даңқын көкке өрлеткен бұл ұстаздар шоғыры ұзақ жылдар нәтижелі қызмет етіп, қаншама шәкіртті қияға ұшырды десеңізші?!

Директорымыз Маржан апай өнерге өте жақын жан еді. Ол кісінің жалпы руханиятқа, оқушылардың эстетикалық-музыкалық тәрбиесіне қатты көңіл бөлгендігін мынадан аңғаруға болады. Мектеп алғаш салынғанда акт залы қарастырылмаса керек, есесіне спорт залы болған екен. Кейіннен орасан көлемдегі іс-шаралар мен үйірме жұмыстары нөпірі алға шыққанда, басымдық осы бағытқа беріліп, спорт залы акт залына айналдырылыпты. Бұл дұрыс шешім болған ғой деймін. Соның арқасында қаншама оқушы түрлі өнердің қыр-сырына қанығып, ақын-жазушы, әнші-композитор, аңызға айналған тұлғалармен жүздесіп, ғибратты сөздерін тыңдауға мүмкіндік алды. Міне, осының бәрі ауылдан келген қарадомалақтардың рухани әлемін байытып, таным көкжиегінің кеңеюіне елеулі түрде ықпал етті деп айта аламыз.

Директорымыз бізге өте сұсты, қатал адам сияқты сезілетін. Бірақ, бұл бір қарағанда ғана екен. Ал, негізінде жаны жұмсақ, балаға деген өте қамқор жан екеніне көз жеткізе бастадық.

Бірде мынандай жағдай болды. Бірінші сабақ апайдікі болатын. Ол кісі әдебиеттен сабақ беруші еді. Әдеттегідей бәрімізге жылышырай амандасып: «Қарақтарым, қалай, қарындарың ашып жүрген жоқ па?» дегені сол еді: « Апай, бүгін таңертеңгі асты ішкен жоқпыз» деп оқушылар шу ете түскені. Сол күні жарықтың жоқтығынан ба, жоқ әлде басқа себептен бе, таңғы ас болмай қалған-ды. Мұны естіген апайымыз сабағын бітірген соң, бізді өзі бастап асханаға апарды. Аспаздар директорды күтпесе керек, бәрі зыр жүгіріп кетті. Лезде дастарқанға шаймен бірге ас та келіп үлгерді. Сондағы бір аңғарғанымыз, апайдың аспаздарға еш қабақ шытпай, жай ғана жымиып, жайдары көңілмен емеуірін танытқаны ғана болды.

Міне, Маржан апайымыздың болмысы осындай бейнеде біздің есімізде қалды. Ол кісі мектепті ширек ғасырға жуық басқарып, байтақ қазақ еліне танытты. Алдынан білім алған шәкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салада жемісті еңбек етуде. Жылдар бойы қажырлы да тынымсыз қызметі өкімет тарапынан жоғары бағаланып, еліміздің ең жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағын алып, омырауына алтын «Қызыл жұлдыз» тақты. Бұл – сол тұстағы Қазақстан бойынша мұғалімдер арасында берілген үш атақтың бірі. Қазіргі таңда аталмыш білім ұясы Маржан Тасованың есімімен аталады.

Биыл – бар өмірін еліміздегі ағарту саласының өсіп-өркендеуіне, қазақ балаларының жан-жақты сауатты да тәрбиелі болып қалыптасуы жолында қалтқысыз қызмет еткен дара тұлғаның 100 жылдық мерейтойы. Бұл айтулы меженің лайықты деңгейде аталып өтуіне тиісті құзырлы орындар назар аударады деген ойдамыз. Ұлы ұстаз салған сара жолды бұл күндері кейінгі толқын жастар лайықты жалғастырып, аты алысқа кеткен интернат имиджін биікте ұстап келеді.

Қалмахан ОМАР,

ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 

«БАБАЛАР АМАНАТЫ» жобасының авторы.

Жаңалықтар тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасы қатаңдатылады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. Мұнымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі...

«Мақсатымыз – түбі бір түркі елдерін жақындастыру»: Алматыда ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

  Түркі елдерінің ақпарат құралдары мен журналистері қысқамерзімді және ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларды құра отырып, мақсатты да үздіксіз дамуға мүдделі. Бұл...

Қазақстанға халық санының өсуі несімен маңызды – демограф пікірі

14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да туған бес бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары атанды. Әрине, бұл қазақ халқы үшін...

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» балалар шаттыққа бөленді

Бүгін Түркістанда қала әкімдігі, «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы және халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «1 маусым – Балаларды...

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда!

Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дертіне айналып отыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық  қазіргі қоғамда күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Үкімет отырысында келтірген...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

Түркістан облысында «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жүріп жатыр. Ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант...

18 қазан – рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Айтулы күнде, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов діни бірлестік өкілдерімен кездесіп, оларды арнайы...

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан- ер түріктің бесігі ғой . М.Жұмабаев 2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас...

Тағы да