Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қазақстанға халық санының өсуі несімен маңызды – демограф пікірі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да туған бес бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары атанды. Әрине, бұл қазақ халқы үшін өте жағымды қуанышты жаңалық!Еліміз өз тарихында алғаш рет 20 миллиондық межеге жетіп отыр. Осы орайда демограф Аяулым Сағынбаева Қазақстанға халық санының өсуі неліктен маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Әрине, ең негізгісі – ұлттық қауіпсіздік. Әсіресе шекара маңындағы аумақтарда халықтың орналасуы бірінші кезекте маңызды. Халықтың саны өспейтін болса, онда экономикалық-әлеуметтік даму болмайды. Өйткені барлығы адам үшін жасалады және оны адамдар жасайды. Халықтың саны жеткіліксіз болса, инвестициялар да көп келмейді. Қазіргі таңда неге инвесторлар көбіне Өзбекстанға кетіп жатыр? Өйткені, онда халық саны көп және тұтыну нарығы мен арзан еңбек күшін табуға мүмкіндік бар. Тәуелсіздік алған 1991 жылы Қазақстанда халық саны 16 миллион болды және 90 жылдары жаппай эмиграция мен туу көрсеткішінің төмендеуі халық санын едәуір азайтты. Бұл 16 миллиондық межеге Қазақстан 2009 жылы ғана қайта жетті», — деді демограф агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшы, пандемияға қарамастан, еліміздің 20 миллиондық межеге жете алғанын, мұндай өсім ел тарихында болмағанын атап өтті.

«Осы демографиялық өзгерістерге қарап, тұтас әлеуметтік және экономикалық саясатты жаңарту үшін жаңа бастама берілгенін түсінуіміз керек. Еліміздің өткен ғасырда қандай зауалды бастан кешіргенін ескерсек, демографиялық, жаһандық сын-қатерлерді ескерсек, мұның маңызды жетістіктердің бірі екенін түсінуіміз керек. Пандемия кезінде бізде демографиялық жағдайдың күрт нашарлауы болған жоқ. Біз 20 миллионыншы тұрғынның дүниеге келгенін айтып қана қоймай, одан әрі саясатты жүргізуіміз керек», — дейді А. Сағынбаева.

Маманның айтуынша, елімізде туу көрсеткіші бойынша Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстары дәстүрлі түрде көш бастап тұр. Мұндай үрдісті жас құрылымымен, этникалық құраммен байланыстыруға болады, яғни бұл өңірлерде қазақтар мен басқа да азиялық этностардың өкілдері көбірек тұрады.

«20 миллион адам – жай ғана цифр емес. Оның жағымды жақтарымен қатар, салдары туралы да ойлану керек. Әрбір туған бала – біздің адами капиталымыз. Оның қай жерде оқитынын, алған білім сапасы қандай болатынын, денсаулығын, оған қолжетімді жағдайлар мен игіліктерді, әр баланың әлеуетін қалай жүзеге асыруға болатынын ойлау қажет. Әрине, бұл бірінші кезекте ата-аналардың жауапкершілігі. Екіншіден, заңның сақталуы, тиісті саясатты қалыптастыру – қоғам мен мемлекеттің жауапкершілігі», — деп толықтырды демограф Аяулым Сағынбаева.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтаған еді.

Жаңалықтар тізбесі

Жастар арасында облыстық турнир өтті

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты облыстық волейбол сайысы өтті. Түркістан облысының...

Созақ ауылында «Бір атаның ұрпақтары» арасында футзалдан аудандық жарыс ұйымдастырылды

Созақ ауылында 17 қыркүйек күні Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені»...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 16 мамыр күні "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің...

КЕЛЕС: Бокстан кіші жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнирі аяқталды

"Келес спорт клубының" ұйымдастыруымен 17-21 қыркүйек күндері аралығында Келес ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2010-2011,2012-2013 ж.т кіші жасөспірімдер арасында...

«Қызыл» мәртебесімен анықталған жеке тұлғаларға 9 599 630 теңгеге айыппұл салынды

Шымкент қаласында COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік...

Arcade High — Outrun This!

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қазығұрт ауданындағы келелі істер

Қазығұрт ауданында жер мәселесі шешімін табуда. Түркістан облысында жер дауы күн тәртібінен түскен емес. Қазығұрт ауданының тұрғындары облыс әкімі...

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

   Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары...

Тағы да