Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік шара жастардың патриоттық рухын көтерді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

1 шілде — Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «Этноауыл» кешенінде «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік концерт өтті.

Ұлттық рухты көтерген іс-шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

— Домбыра — ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, қиын-қыстау кезеңдерде елдің мұң-мұқтажын тілсіз жеткізген қастерлі аспабымыз. Бұрын оның үні алты қырдан асатын болса, қазір алты құрлыққа жетіп, әлем халқын тәнті етіп келе жатыр. Сондықтан, асыл домбырамыздың құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің идеологиялық маңызы зор, — деді іс-шараны ашып берген Оразкүл Шайхықызы.

Сондай-ақ, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова да барша Қазақ елін мерекемен құттықтап, домбыраның маңызына тоқталып өтті.

— Ғасырлар бойы қазақтың үні болған домбыра — өткенімізді түгендеп, бүгінгі ұлттық идеологиямызды нығайтуға айрықша ықпал ететін жәдігеріміз. Оның күмбірлеген үнінде біздің тарихымыз, сан соқпақтан өткен ата-бабамыздың қуанышы мен қайғысы жатыр. Сол себепті, ұлттық аспабымыз әрбір үйдің төрінде ілініп тұруы керек және оны құрметтемейтін қазақ болмауы қажет деп ойлаймын. Күмбірлеген күйлер құлақтың құрышын қандырып, жүректің түкпіріндегі Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятатын күн көп болсын! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!, — деді Индира Сарқытқызы.

Мерекелік концертке келген көрермендер жас өнерпаздардың күмбірлете тартқан күйін, нақышына келтіре орындаған термелері мен халық әңдерін тыңдап, домбыра үнінің құдіретін сезініп қайтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

«Ақылдым» өз ақылдыларын тапты

Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар арасында «Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» атты байқау өткізілді. Оны аудандық балалар кітапханасы облыстық...

ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер қос бірдей отбасыға баспана тарту етті

Бүгін Созақ ауданына қарасты Шолаққорған және Таукент ауылындағы қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен...

Ананың, әкенің абыройын асқақтату – өз болашағыңды сақтау

Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле. Қай кезеңде болмасын, қай ұлтта да бала тәрбиесі – басты мәселе болған....

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ МАШИНАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жаңбырлатып суару машиналарын жасау ісін қолға алған «BNK Group...

ЖАҢА БАСТАМАЛАР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл...

NY Vice — Smooth Steering

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Жастардың кәсіпкерлікті меңгеруі еңбек пен талапта.

"Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін". Иә, мүмкіндігі молайып,  күн сайын даму  үстіндегі  бүгінгі заманда  бизнеске қадам басып жатқан...

Спорт — денсаулық кепілі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру...

САЙРАМ: Мереке күні балаларға қуаныш сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарамұрт ауылдық округінде жаңадан салынған мектептің ауласында іс-шара өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов,...

Тағы да