Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер» атты байқаудың қорытынды шарасы өтті.

Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған тағылымы мол шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет пен әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, аудан тұрғындары қатысты.

«Сіздердің бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыздың қызғалдақтай қыздарымыз бен иба сақтаған жас келіндерімізге, перзенттерімізге үлкен тәрбие берері сөзсіз. Сіздер ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстұрлеріміз бен жөн-жоралғыларымызды қайта жандандырып, жас ұрпақты қайта қауыштырып отырсыздар. Ол үшін сіздерге, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз» деген аудан әкімі байқауда ерекше қабілетімен көзге түскен әжелерді түрлі номинациялармен марапаттады.

10 жылдық аясында ұйымдастырылған байқау барысында қатысушылардың ұлттық тәрбие, рухани құндылық, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі, қолөнер секілді негізгі бағыттарға баса назар аударылған. Жеңімпаздарды анықтау да осы критерийлердің толық қамтылуымен жүргізілген.

«Жеңімпаз атанғысы келген әрбір қатысушы қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша білімдерімен бөлісіп, пайым-парасат иесі екендіктерін көрсетті. Бірі әуелете ән салса, енді бірі ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздан және жөн-жоралғылардан көріністер қойды. Балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – құлақ құрышын қандырар бесік жырын айтып, өз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуін, бар жақсылықты бойына сіңіріп өсуін тіледі», — деді әділ қазылар алқасының мүшесі Гүлжан Серікқызы.

Байқау қорытындысымен жүлделі ІІІ орынды Атамекен, Жылы су, Қазыбек би ауылдық округінің ардагерлер бастауыш ұйымының әжелер алқасы иемденсе, ІІ орын Ж.Ералиев пен Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әжелеріне бұйырды. Ал, І орынды Қызылқұм ауылдық округінің әжелері иеленсе, Асықата кентінің әжелері бас жүлдеге лайық деп танылып, жеңімпаз атанды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АШЫҚ АЛАҢДАРДА ТЕГІН ЖАТТЫҒУ САҒАТТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Облыс орталығы – Түркістан қаласында халық арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Балалар үшін спорттық...

ТҮРКІСТАН: «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 13 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС МАМАН ЖҰМЫС ТАПҚАН

2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты...

Рухани шаһарда жасыл алаңда Журналистер қауымы бас қосты

  Рухани шаһарда жасыл алаңда Журналистер қауымы бас қосты.  Түркістан қаласының «Құрметті азаматы”, Түркістан газетінің бас редакторы болған Тұрабай Мырзахметовтің...

Балалар қауіпсіздігі басты назарда!

Қазіргі таңда барлық білім беру орындарында өткізілетін «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастырып, көлікпен жарысуды дәстүрге...

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары құрылады

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасындағы...

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде. Жатырдағы ісікті...

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO)...

Бәйдібек: «Жасөспірім және заң!» тақырыбында жиын өтті

Боралдай ауылындағы және аудан орталығындағы мәдениет үйлерінде «Жасөспірім және заң!» тақырыбында аудандық ата-аналармен кездесу жиыны өтті. Кездесу жиындарына Түркістан...

КЕНТАУДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

Кентау өнеркәсіптік қала. Сондықтан өндірісті өркендету үшін инвестиция тарту маңызды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік...

Тағы да