Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өтеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, еліміздің барлық өңірінде 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.

«Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын 12 маусым «Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес» күні шеңберінде өткізіледі. Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Науқан күндері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтік іс-шаралар, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр», — деді Дінислам Болатханұлы.

Брифингте белгілі болғандай, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шарты жасалады. Сондай-ақ, еңбек шарты 15 жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда; 14 жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін; Кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына, имандылық тұрғысынан дамуына және оқу процесіне нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмағандармен жасалуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда, еңбек шартына кәмелетке толмағандармен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

Жалпы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Оқушыларды тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылады. Балаларды полициясыз тасымалдауға тыйым салынады. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жаһандағы гендерлік алшақтық

Гендерлік алшақтық мәселесін көтергенде әйелдер мен ерлердің қоғамның барлық саласына қатысу үлесі мен деңгейін айтамыз. 2006 жылдан бері Дүниежүзілік...

Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша форум өтті

2023 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы»...

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні

Адамзат өркениетінің ең басты жетістігі демократиялық құндылықтардың қоғам құрылысын реттейтін халықаралық стандарттар деңгейіне көтерілуі дейтін болсақ, «бала құқығы» ұғымы...

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы...

Түркістандық Әсия шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатында бірінші орын алған Әсия Асылханды жерлестері күтіп алды. Асылхан Әсия Талғатбекқызы - Алматыда өткен...

Тындырымды Тындықыз апа бүкіл аймаққа үлгі еді

– Тұр балам! Фермаға баратын уақыт болды! Колхоздың тауарлы сүт фермасында сауыншы болып істейтін анам күнде сағат төртте тұрады. Қыстың...

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 мыңға жуық адам газбен қамтылатын болды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барған сәтінде осындай...

«Халық қатысатын бюджет» жобасы 2022 жылы ауқымды түрде жалғасын табатын болады

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

ТҮРКІСТАН: Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты...

Тағы да