Вторник, 21 апреля, 2026

«АТА — АНА — ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: Болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында облыстық форум өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «АТА-АНА – ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында форум өтті.

Форум мақсаты — ата-анамен мектеп қарым-қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мәселені бірлесіп, шешу жолдарын қарастыру.

Форумның міндеттері:

  • Ата — аналармен бала тәрбиесіндегі проблемаларды талқылау, шешу жолдарын қарастыру;
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың дербес дамуы мен қалыптасуына ата- аналар тарапынан ықпал ету;
  • Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін арттыру;
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында саналы ата -ана болу мәдениетін қалыптастыру.

Облыстық форумға Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет, Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Н.Байғұт, Түркістан қаласының әйелдер алқа төрайымы Ұ.Мұстафаева, «Сеніммен болашақ» РБҚ Түркістан облысы филиалының басшысы Ә.Толысбаева, Түркістан қаласы, Ясауи атындағы ХКТУ-дың аға оқытушысы Г.Көлеген, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары (төрайымдары), әкелер мектебінің өкілдері, ДТІЖО, сынып жетекшілер, педагог- психологтар, әлеуметтік-педагогтер, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары қатысып, күрделі мәселелердің оңтайлы шешімдерімен бөлісті.

Аталған іс-шараның ерекшелігі сол, бұл форумға әлемге әйгілі ұл тәрбиелеп отырған, дүние жүзіне өнерімен ғана емес, ұлттық келбетін, ішкі мәдениетін, кішіпейілдігі мен көркем мінезін көрсетіп жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев онлайн қатысып, тәрбиеге қатысты өз ойын білдірді.

Сонымен қоса, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкеебайдың әкесі Тәкен Тәшкенбайұлы да жұмылдырылды.

Форум барысында келген қонақтарға отбасылық ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген көрме жұмыстары көрсетіліп, 5 бағытта түрлі форматта секция жұмыстары жүргізілді.

Пленарлық мәжілісті Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет ашып берді. Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Байғұтов Нышан сөз сөйлеп, «Жастар тәрбиесі — Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы отбасының береке-бірлігі, ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

 

Жаңалықтар тізбесі

Қайрымды халық қалаулысы

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

“Ел тірегі – жастар” атты оқушылармен кездесу өтті

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты № 8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде Арыс қаласы маслихатының депутаты, Арыс қаласының...

«Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздары марапатталды

2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Қордың 7 жылдығы мен отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы...

«Әрбір теңге табыс әкелуі тиіс»

Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту, ауылдың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына...

Сұлу шаһар Самарқан…

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен...

«Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты...

Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан ВЕРОЦКАЯ: «Бүгінгі тренд – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту»

– Гүлжан Ералықызы, елімізде «Бала құқықтары туралы» заңнан өзге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 45-тен аса нормативтік-құқықтық актілер бар...

Әжелер бақ сынасты

Жас ұрпақты имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды насихаттау және отбасыдағы әжелер тәрбиесінің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында...

Тағы да