Воскресенье, 19 апреля, 2026

Отбасындағы зорлық-зомбылық: жаңа заң әйелдерді құтқара ала ма

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жыл сайын 400-ге жуық қазақстандық қыз-келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табуда. 2023 жылдың басынан бері өз үйлерінде 18 әйел ажал құшты. Олар аурудан көз жұмған жоқ, күйеуінің немесе бірге тұратын ер адамының қолынан қаза тапты.

Айта кетейік, ҚР ІІМ хабарлағандай, 19 мамырдан бастап отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады.

Аталған шаралар қаншалықты тиімді болмақ? Бұл туралы Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы, «Жан-Сая» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры, құқық қорғаушы Зульфия Байсақовамен сөйлестік.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын қылмыстық баптарға жаңа түзетулер енгізілді. Бұл отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін шешуге септігін тигізе ме?

– Біздің қылмыстық кодексте отбасылық зорлық-зомбылық бойынша нақты анықтамалары бар жеке бап пайда болған жоқ. Біз бұл құқық бұзушылықтарды қылмыстандырып, ҚК-ге жеке бап енгізуді бұрыннан бері ұсынып келеміз. Жауапкершілік пен жазалау жоқ болғаннан кейін отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық артып жатқанына куәміз.

– Яғни, заңға енгзілген бұл түзетулерді қылмыстандыру деп атай алмаймыз ба?

– Бұл қылмыстандыру емес. Қайталап айтамын, дәл Қылмыстық кодексте жеке бап болуы керек. Сонда ғана зорлық-зомбылық көрсетуші бұрмаланбай, жазаға тартылады. Ал бүгін сот бәрін екіжақты бағалай алады. Ашуға беріліп, шапалақпен ұрды… Судьялар бұны денсаулыққа зиян тигізбеді деп ойлауы мүмкін, бірақ, кешіріңіз, егер шапалақпен ұрғаннан кейін тіс босап кетсе және ол бірден анықталмаса немесе ми шайқалу белгілері кейінірек байқалса, сіз оның соққының нәтижесі екенін дәлелдей алмасыз.

– Қабылданған түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз, тұрмыстық зорлық – зомбылық жасау фактісі бойынша – куәгерлердің және басқа да дәлелдемелердің айғақтары бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Бұл жақсы ма?

– Иә, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылатын өте жақсы тәжірибе. Несімен жақсы? Мысалы, барлық көршілер күйеуі әйелін ұрып-соғып жатқанын біледі, ал әйелі арыз түсірмейді. Сол кезде біз, мысалы, ҮЕҰ арыз жазамыз. Полиция шара қолдануы керек, куәландыруды жүргізеді, ал жәбірленушіден ешқандай арыз қажет емес. Өйткені, бұл бүкіл отбасының, соның ішінде балалардың өміріне қауіп төндіреді. Балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмаған күнде де, оның куәсі болады.

– Полиция әрекет етпейді деп көп шағым естиміз…

– Бұдан былай әрекет етпей жүре алмайды. Өйткені, бұйрық бар. Олар шара қолдануға тиіс. Әрине, барлығы жүз пайызға жұмыс істемейтінін түсінеміз. Себебі әр маманның біліктілігі әртүрлі, адами фактор да бар.

– Жалпы, позитивті өзгерістер бар ғой…

– Бұл шаралар жеткіліксіз. Біз құқық қорғаушылар ретінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді шешу үшін бірқатар шараларды ұсындық. Алайда, әзірге біздің сөзімізге ешкім құлақ аспай отыр.

– Бұл қандай шаралар?

– Отбасы мүшесіне қатысты жасалған кез-келген әрекет жеке тұлғаға қарсы қылмыс ретінде қарастырылуы қажет. Және біз бұл үшін жазаны қатаңдатуымыз керек, бас бостандығынан айыруға дейін. Бірақ, балама ретінде біз мінез-құлықты өзгерту және қоғамдық жұмыстармен түзету бағдарламасынан міндетті түрде өтуді ұсынамыз. Неліктен оны енгізу мүмкін болмай отырғанын түсінбеймін…

Өткен жазда Конституция бойынша референдум өтті, содан кейін Заңның 24-бабына қатысты өзгерістер енгізілді, онда мәжбүрлі еңбек қайта тәрбиелейтін еңбекке ауыстырылды. Қылмыскерді салық төлеушілердің мойнына отырғызудың қажеті жоқ, ол көшелерді сыпырып, хоспистерде жұмыс істеп, айыппұл төлейтін ақшаны тапсын. Бірақ әзірге бұл тәжірибе бізде қолданылмайды.

– Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істеу керек?

– Біріншіден, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін құру қажет. Екіншіден, жасаған әрекет үшін жауапкершілік деңгейін арттыру керек.

Әрине, адам құқықтарын қорғау құралдары бар екенін бәрі білуге тиіс. Сондықтан, барлық алдын-алу шаралары белгілі бір саладағы білім деңгейін арттыруға және сол білімді қалай қолдану керектігін түсіндіруге, сондай-ақ адамдардың жасаған әрекеттері үшін жауапкершілігін қалыптастыруға негізделуі керек.

Өкінішке орай, Қазақстанда алдын алу ұғымы және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау индикаторлары жоқ. Сондықтан алдын-алу шараларына ақша бөлетін барлық мемлекеттік құрылымдар дөңгелек үстелдердің, ондағы қатысушылардың санын бағалаумен шектеледі. Оның үстіне, дөңгелек үстелдерге қайта-қайта бір адамдар шақырыла береді. Қамтылатын адамдар аз.

– Зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан қазақстандықтарға не істеу керек?

– Қазір Алматы қаласында 164 банер ілінген, адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша сонда көрсетілген 150 нөміріне жүгіне алады. Бұл анонимді түрде тәулік бойы жұмыс істейтін желі. Екі тілде кеңес беріледі. Сондай-ақ, мәселен, агрессор жаныңызда болып, телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік болмаса, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы WhatsApp қосымшасына жазуға болады.

kaz.zakon.kz

Жаңалықтар тізбесі

Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ...

Оқушыларға мамандық таңдауға бағдар берді

11 сынып оқушылары үшін қазірден бастап жоғары оқу орындарын таңдау маңызды шешімдердің бірі. Осы орайда Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік...

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Елімізде ажырасу көбейді. Бұл туралы маман не дейді?

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасқан отбасылардың саны арта түскен. Статистика бойынша, еліміздегі әрбір үшінші отбасы екі жаққа кетуге бел буады....

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады. Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус...

Алтын алқа, күміс алқа иелері марапатталды

Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Жұмақтың кілті аналардың табанының астында десек, аналарды...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 4 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті. Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің...

VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

Тағы да