
Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Мақтаарал ауданында аудан әкімі мен аудандық білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағасының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев 2022-2023 оқу жылындағы білім саласының ата-аналармен атқарған жұмысымен, келесі оқу жылына міндеттемелерді атап өтті. Өз кезегінде аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Маккамбек Оспанов, Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғалым Жұмәділов мырза сөз алды.
Жазғы уақыттары балалардың қауіпсіздігіне байланысты жұмыстары мен алдын алу шараларын қолдану туралы ата-аналарға үндеу жасады.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеудегі оңтайлы жолдарын қолдану туралы ұсыныс берді. Жиын өз дәрежесінде өтті.
