Понедельник, 20 апреля, 2026

Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық — зомбылық

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бостандығы және уайым қайғысыз өмір.

Оның кепілі – заңдылық. Егер жалпы айтқанда зорлық — зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Олар – жұбайлар мен балалар екені сөзссіз.

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық — зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды жүргізу қажет.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Елімізде әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елеулі мөлшерде асқынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың көбі ол туралы дер кезінде хабарламайтыны, басым бөлігі әйел мен балалар тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі  Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері-адамның және азаматтың, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады.

Зорлық – зомбылық жасаған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының талаптарына сай жауапкершілікке тартылады. Яғни, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондықтан, әрбір адам өзінің іс-әрекетіне қашанда жауапкершілікпен қарауға міндетті. Заң талаптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны анықталған жағдайларда, сотпен құқық бұзушыларға тисті жазалар қолданылады.

 Қ.Б.Усембаева

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ UFC 326 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операциялар күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бразилиялық...

Асық ойындарынан сайыс өтті

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» және «Зат» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер: Алия Мырзаева және Роза Нурмуратованың ұйымдастыруымен асық ойындарынан сайыс...

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Президенттің мәлімдемесінде мәжіліс депутаттарының...

Hotel Debuts in Romania: Andaz Peninsula Papagayo

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қуыршақ театры қайта ашылды

Жақын күндері жетісайлық бүлдіршіндер қуыршақ театрының өнерін тамашалайтын болды. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының жанынан ашылған өнер ұжымы...

Түркістан облысында шағын кәсіпкерлікке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді.

Сондай кәсіпорындардың бірі – Сарыағаш ауданында орналасқан. Сарыағашта жылына бес мың жиһаз шығарады. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық...

Республикалық байқау Ордабасы ауданында жалғасын тапты

Ордабасы аудандық білім бөлімі Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің...

Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі

Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Отбасы күніне орай оқырмандардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушылардың есте...

Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен қызғалдақ кілемі “тоқылады”

Cтамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас...

Тағы да