
Кентау қаласында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында жүгіруден жарысы өткізілді. Жарыс ересектар арасында ұйымдастырылды. Қаладағы орталық стадионда өткен жарыста ерлер – 1,5 км, әйелдер – 1 км қашықтыққа жүгірді.
Жарыс нәтижесі бойынша әйелдер арасында Дина Алпамыс – ІІІ орын, Сағындықова Салтанат – ІІ орын, Ражапова Айгүл – І орынды иеленді. Ерлер арасында Тәттібаев Мухриддин – ІІІ орын, Гайбуллаев Элдар – ІІ орын, Лес Жантуар – І орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және медальмен марапатталып, сыйлықтар үйлестірілді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады және отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған.
Жарыстың мақсаты отбасылық құндылықтардың рөлін арттыру, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
